Мұндай соққылар тек террористік топтар тарапынан ғана жасалып жатпағанын да ескеру керек. Араб Республикасындағы жағдайға америкалықтардың араласуына тағы кімдер қарсы екеніне кеңінен тоқталайық.
Сирияда америкалықтар соңғы айда жиі шабуылға ұшырап, шығыннан көз ашар емес. Әсіресе, мобильді патрульді топтарға қатысты қастандық көп. Мәселен, Дейр-эз-Зор провинциясында мамыр айының соңында АҚШ әскери қызметшілері мен "Сирия демократиялық күштері" тобының жауынгерлері мінген автокөліктер тізбегіне автомат, зеңбірек және гранатамен қаруланған топ шабуыл жасады. Үш америкалық және СДК-ның бес мүшесі жарақат алды.
Сондай-ақ, сәуір айында Эль-Хаске провинциясында бірнеше шабуыл орын алды. Америкалық әскерилер мен СДК мүшелерін тасымалдаған "Ханнер" броньді автокөлігі "белгісіз адамдардың" оқ жаудыруынан зардап шекті. Бірнеше адам жараланды. Тап осындай оқиға Дейр-эз-Зореде орын алып, АҚШ әскери офцері мен СДК мүшелері қаза тапты. Тағы бір шабуылдан кейін екі әскери қызметші із-түзсіз жоғалып кетті. Олардың тағдыры әлі күнге дейін белгісіз.
Патруль жолында көбіне жарылғыш заттар іске қосылады. Мысалы, шілде айында автомобильдер легі Дейр-эз-Зор провинциясындағы Сабха елді мекенінде жарылып кетті. Кейде жанкештілер миналанған автокөліктер арқылы қастандық ұйымдастырады. Америкалықтар үшін ең үлкен шығын өткен жылдың қаңтар айында орын алды: Манбиджде жанкешті жаяу партуль жанында жарылғыш затты іске қосып, АҚШ қорғаныс министрлігінің қызметкері, екі сарбаз және жалдамалы жауынгер қаза тапты.
Ал Пентагон Сириядағы шабуылдар жайлы хабарламаның барлығын жоққа шығарып келеді.
"Бұл Сирияның шығысы мен солтүстік-шығысында тұрып жатқан арабтар, – деп түсіндірді ол. – Қазір олар америкалықтардың қолдауына ие күрдтердің басқаруында. Әрине, олар қазіргі жағдай үшін ашулы және өңірді Дамаск басқарғанын қалайды. Сол себепті осындай әрекеттерге барады".
Бұл тайпалардың көбісі жақсы қаруланған және оны епті қолдана алады.
"Елде көп жылдан бері азаматтық соғыс жалғасып келеді. Халықтың қолындағы қару-жарақ саны жеткілікті, – дейді Лямин. – Оның арасында минометтер, ауыр зеңбіректер, қытайлар немесе арабтар жасап шығарған жаппай оқ ату жүйелері де кездеседі".
Плеханов атындағы РЭУ саясаттану және әлеуметтану кафедрасының доценты, "Ресей офицерлері" ұйымы сарапшылық кеңесінің мүшесі Александр Перенджиев америкалық әскерилерге жасалған шабуыл Сирия ресурстары үшін ішкікоалициялық күрестің бір бөлігі болуы мүмкін деп санайды.
"Бұл сол тонаушылар арасындағы текетірес, – дейді ол. Бір шетінен Пентагон болса, екінші тарапта террористерді қарумен қамтамасыз етіп отырған жеке әскери компаниялардың мүддесін қорғайтын қаржы-өнеркәсіптік топтар тұр".
Оның айтуынша, Пентагон да сириялық ойында тәуелсіз күш емес, ол АҚШ-тағы белгілі бір топ атынан әрекет етіп отыр.
"Егер Сирия әскері шабуыл жасаса, Пентагон мұны мойындар еді, – дейді Перенджиев. – Бірақ "белгісіз топ" деген болса, онда олар ішкі соғысты, құпияны жария еткісі келмей отырғаны анық. Америкалықтар өздеріне кім шабуыл жасағанын жақсы білетініне сенімдімін".
Маусымда Тель-Абъяд қаласының тұрғындары Хасеке првинциясында шекаралық өткелде көтеріліс жасап, өз елінің бидайы шекарадан заңсыз шығарылуына тосқауыл болуға тырысты. Осы оқиғадан бір күн бұрын Сирия СІМ протүріктік содырлар мен АҚШ-пен одақтас қаруланған заңсыз құрылымдары мемлекеттегі тұрақсыздықты ушықтыру үшін бидай мен басқа да дәнді дақылдар алқабын қасақана өртеп жібергенін мәлімдеді. Сондағы мақсат – халықты ресми билікке қарсы қою.
Көп жағдайда америкалықтардың кесірінен бейбіт тұрғындар қаза тауып жатады. Мамыр айында АҚШ сарбаздары Дейр-эз-Зор провинциясында автокөлік жүргізушісін атып тастады. Машинаның басты автожолдан "Коннико" мұнай кен орны жанынан бұрылуын америкалық әскерилер қауіп ретінде қабылдаған. Ал ақпан айында Камышлы қаласына жақын орналасқан блок бекет жанында сириялық әскерилер келісілмеген бағыт бойынша қозғалған АҚШ әскерінің автокөліктерін тоқтатты. Америкалықтар жергілікті халықпен қақтығысқа себепші болып, соның салдарынан сарбаздар халыққа қарай жаппай оқ атқан. Осы оқиға кезінде 14 жастағы Фейсал Халид Мухаммад қаза тауып, тағы бір адам жараланды. Ресейлік әскерилердің араласуының арқасында автокөліктерді өздері орналасқан базаға алып шығу мүмкін болды.