Мәскеуде қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының туған күнін атап өтті. 175 жылдық мерейтой аясында Абайдың суреті бейнеленген алып пазл құрастырылды.
Пазлдың бөліктерін Нұр-Сұлтандағы ЮНЕСКО мектебінің балалары салды. Барлығы екі жүзге жуық сурет шықты. Әрқайсысында ақын шығармаларының сюжеті бейнеленген.
Бас кезінде пазл Қазақстанда құрастырылады деген жоспар болған. Осы шара астананың орталық алаңында өткізілуі тиіс еді. Алайда коронавирус пандемиясына байланысты жоспар өзгерді.