Өңірлер

Шымкент әкімі жаңа оқу жылына дайындық туралы айтты

Жазылу
Биыл 5 100 орындық 8 мектеп қолданысқа тапсырылады. Екі өнер мектебінде 300 бала оқиды. Бес мектептің құрылысы 2021 жылы да жалғасады

НҰР-СҰЛТАН, 12 тамыз — Sputnik. Шымкент әкімі Мұрат Әйтенов жаңа оқу жылына дайындық туралы айтты.

Қала басшысының айтуынша, қалада 742 білім мекемесі жұмыс істейді, оның 172-сі - мектеп. 320 мың оқушы білім алады. 36 мектептің дәретханасы далада орналасқан.

"Биыл мемлекет басшысының тапсырмасымен даладағы дәретханалардың бәрі жойылып, ғимарат ішіне қойылды. Барлық 36 мектепте қазір дәретхана мектеп ішінде орналасқан", - деді Шымкент әкімі.

Мұрат Әйтенов биылдан бастап 13 мектептің құрылысы қолға алынатынын хабарлады. Екі өнер мектебі салынады. 

Биыл 5 100 орындық 8 мектеп қолданысқа тапсырылады. Екі өнер мектебінде 300 бала оқиды. Бес мектептің құрылысы 2021 жылы да жалғасады.

Жұмыс қорытындысы бойынша қалада апаттық мектеп саны екеуден біреуге қысқарады. Сондай-ақ, үш ауысыммен жұмыс істейтін мектеп саны 19-дан 14-ке азаяды. 

Мектеп дәретханасында оқушыны зорлады

Еске сала кетсек, 2019 жылдың қараша айында 7-сынып оқушысын Тараз мектебінің аумағында зорлады.

Мектеп дәретханасы дұрыс жұмыс істемеген және бөтен адамға ешкім назар аудармаған. Ата-аналар бұл үшін мектеп басшылығын жазалауды талап етті.

Кейін ұсталған адамның бұрын ұрлық үшін істі болған 38 жастағы тұрғын екені анықталды. Ол 25 жылға бас бостандығынан айырылды. Химиялық кастрация тағайындалды.

Бұдан соң мемлекет басшысы даладағы дәретханаларды жоюды тапсырды.

Жаңалықтар
0