Науқастардың өлім-жітім көрсеткіші төмендеді. Бірақ бәрібір де вирустың ауыр жағдайында науқасты жасанды тыныс алу аппаратына қосуға тура келеді. Әр он адамның 6-8-і инфекциядан қайтыс болады. Бұл науқастардың өмірін антибиотиктің көмегімен сақтап қалуға болатын еді. Бірақ оны дайындап, шығару үшін көп жыл керек, деп жазады РИА Новости.
Әзірше адам ауыр дертпен ауырғаннан кейін ғана қауіпті вирусқа төзімділік қалыптасады. Бірақ бұдан да басқа қауіпсіз жол бар, ол — иммунизация. Оның үстіне, Гамалея атындағы институт мамандары жасаған тиімді әрі қауіпсіз вакцина бар. Автомобил өндірісінде "Мерседес" бренді қандай беделге ие болса, бұл институттың микробиология саласындағы беделі де сондай.
Гинцбург пен Логунов сияқты академиктермен таныспын. Олардың қызметкерлерімен бірлесіп, біз қауіпті бактериялармен күресудің жаңа тәсілдерін әзірлеп жатырмыз. Бұдан бөлек, институт ғалымдары Эбола және MERS-ке қарсы вакцина ойлап тапты. Және оны жасауда тиімді әрі қауіпсіз векторлық тәсілді пайдаланды.
Яғни, зымыран-тасығыш рөліндегі адам үшін қауіпсіз аденовирусқа орбиталық станция — коронавирустың бір бөлшегін жалғайды. Сосын адам ағзасының ішіне жібереді. Осыдан кейін "зымыран-тасығышқа" да, "орбиталық станцияға" да қарсы иммунитет қалыптасады. Осы жеткен жетістікті бекіту үшін 3 аптадан кейін "орбиталық станция" басқа "зымыран-тасығышқа", яғни басқа аденовируспен жіберіледі. Тағы да вирусқа қарсы иммунитет қалыптасады. Нәтижесінде, аденовирустың екеуіне қарсы иммунитет әлсірейді (бұл вирусқа қарсы иммунитет ағзаға керек емес), ал коронавирусқа қарсы тұрақты және сенімді иммундық қорғаныс қалыптасады.
Вакцина еріктілерге салынып, тексерілді. Бірінші болып Гамалея атындағы институттың қызметкерлері осы вакцинаны қойдырды. Осыдан кейін вакцина әскери қызметкерлерге егілді. Бірде-бір асқыну тіркелмеді, вирусқа қарсы мықты иммунитет қалыптасты.
Осыдан кейін бұл науқанды БАҚ-та кім қаржыландырады, "тәуелсіз" сарапшылар кімге тәуелді деген сұрақ туындайды.