Қоғам

Нұр-Сұлтанда ірі техника дүкенінде жарық сөнгенін пайдаланып қалғандар ұсталды

© Sputnik / Наталья Селиверстова / Медиабанкке өтуСмартфоны iPhone 6s и iPhone 6s Plus, архивное фото
Смартфоны iPhone 6s и iPhone 6s Plus, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тұрмыстық және электронды техника сататын дүкеннің қызметкерлері 6 миллион теңгенің ұялы телефондарын ұрлаған

НҰР-СҰЛТАН, 12 тамыз – Sputnik. "Sulpak" дүкенінің екі қызметкері бірнеше ұялы телефон ұрлағаны үшін айыпталып отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.   

Тергеу материалдарына сәйкес, 28 шілдеге қараған түні екі жас қызметкер түнгі ауысымда жұмыс істеген. Сол кезде жарық сөніп қалған. Олар соны пайдаланып, дүкен қоймасынан қымбат ұялы телефондарды алып шыққан. Атап айтқанда,  9 iPhone мен 11 Samsung-ті қолды еткен. Ұрланған мүліктің жалпы сомасы 6 миллион теңгені құрады.

Оқи отырыңыз: Арыста танысының үйінде қонақта болған жігіт ұятқа қалды  

Тергеу кезінде екеуі де ұрлық жасағанын мойындады. Ал ұялы телефондар олардың пәтерінен табылды. Екеуі бір пәтерді жалдап тұрған.  

"Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Оған сәйкес, ірі көлемде айыппұл салудан бастап бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған", - дейді полицейлер.

Айта кетейік, 2020 жылдың басында ұрлық ауыр қылмыстардың санатына қосылған болатын. Енді ондай әрекеттер үшін 3-7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады. Оған қоса, кінәлі адамдардың мүлкі тәркіленеді. Екі жақтың татуласуына рұқсат жоқ.

Жаңалықтар
0