Өңірлер

Ақтауда парашюті ашылмай қалған әскеридің секірген сәті видеоға түсірілген

© Sputnik / Анатолий УстиненкоВоинские подразделения начали подготовку к боевому параду в Отаре
Воинские подразделения начали подготовку к боевому параду в Отаре - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Видеодан әскери қызметшілердің кезек-кезек парашютпен секіріп жатқанын көруге болады. Оған дейін зардап шеккен жігіт камераға қарап, қолын көтереді  

НҰР-СҰЛТАН, 12 тамыз – Sputnik. Ақтауда парашюттің толық ашылмауынан ауыр жарақат алған әскери қызметшінің анасы қорғаныс министрлігінің уәжімен келіспейтінін мәлімдеді. Күлжахан Жамауова ұлының ұшақтан секірген кездегі видеосын Lada.kz басылымына ұсынды. Оны бірге болған әскерилер түсіріп алған.

Видеодан әскери қызметшілердің кезек-кезек секіріп жатқанын көруге болады. Күлжахан Жамауованың ұлы бірінші болып секіреді. Оның алдында камераға қарап, қолын көтереді. Сосын айқай салып, өз-өзіне жігер береді.  

Бұған дейін қорғаныс министрлігі оқиғаның мән-жайын түсіндірген. Ресми мәліметке сәйкес, әскери қызметші жерден берілген командаларға жауап бермеген. Қосалқы парашютті де ашпаған. Соның салдарынан жерге қатты құлаған. Күлжахан Жамауова министрліктің түсініктемесімен толығымен келіспеймін дейді.

"Осы оқиғаға қатысты әскерилердің ұстанымымен толығымен келіспеймін. Жерден команда беретін әскерилер мегафонды қолдануы қажет. Ондай құрылғы болған жоқ. Сосын ұлымның парашютінде бір ілмек болмады. Парашюттің өзі тергеушінің кабинетінде әлі жатыр. Сараптама басталған да жоқ", - дейді Жамауова.

Сарбаз қолы мен көзінен айырылды: қорғаныс министрлігі түсініктеме берді 

Оның айтуынша, ауыр жарақат алған ұлына портативті multiFiltrate атты гемодиализ аппараты керек болған. Оны тек үш күннен кейін ғана тапқан. Енді, дәл осы құрылғымен жұмыс істейтін кәсіби мамандар табылай жатыр.  

"Балама ота жасағаннан кейін аппаратқа қосты. Осы аппаратпен бір күн емдеуге 500 мың теңге кетеді. Билік тарапынан ешқандай көмек жоқ. Бәрін туған-туыстар мен ұлымның достары арқасында өзіміз көтеріп жатырмыз", - дейді Жамауова.

Айта кетейік, оқыс оқиға 5 тамызда болған. Парашютпен секіру жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес орындалған. Әскерилердің бірінің парашюті толық ашылмаған. 8 тамыз оған хирургиялық ота жасалды. Әскери қызметшінің ауруханаға түскен кездегі жағдайы ауыр болған.

Жаңалықтар
0