Тоқаев Абай мұрасын зерттеушілерді марапаттады

© Sputnik / Владислав ВодневЗдание Акорды
Здание Акорды - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жуырда президент жарлығымен 10 тамыз қазақтың бас ақыны Абайдың туған күніне орай Абай күні болып бекітілген болатын

АЛМАТЫ, 10 тамыз – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттер арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуға қосқан елеулі үлесі мен Абай мұрасын насихаттауда сіңірген еңбегі үшін бірқатар шетелдік зерттеуші мен аудармашыны II дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады, деп хабарлайды Ақорда.

Осылайша, президент жарлығымен Флуминенсе федералдық университеті шет тілдері орталығының оқытушысы Америко Эдельсио (Бразилия), Уақыптар министрлігінің департамент директоры Ганем Халед Ас-Саид (Мысыр), Түркия жазушысы Кибар Зафер марапатталды. 

II дәрежелі "Достық" ордені берілгендер қатарында әдеби редактор Кошут Леонард (Германия), Кембридж университеті баспа департаментінің басқарушы директоры Манн Джейн (Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия біріккен корольдігі), Қытай жазушысы Мәжит Ақбар, Орыс әдебиеті академиясының вице-президенті Георгий Пряхин бар.

Марапатталғандар қатарына Мадридтегі "Комплутенсе"университетінің профессоры Пуиг Мария Санчес, Армения Республикасы мемлекеттік басқару академиясының оқытушысы Хачатрян Шушан, Қытай аудармашылар қауымдастығының аға аудармашысы Хуанчжан Ха және Иран Ислам Республикасының жазушысы Шатқам Қажымұхамет та енген.

Құжат қол қойылған күннен бастап қолданысқа енеді.

Айта кетейік, жуырда президент жарлығымен 10 тамыз қазақтың бас ақыны Абайдың туған күніне орай Абай күні болып бекітілді.

Жаңалықтар
0