Қоғам

"Абай айт­қан жал­қаулық жиі кездесетіні қынжылтады": Тоқаев мақала жариялады

© Официальный сайт Президента КазахстанаКасым-Жомарт Токаев на совещании по программе "Цифровой Казахстан", 04.03.2020
Касым-Жомарт Токаев на совещании по программе Цифровой Казахстан, 04.03.2020 - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Президенттің пікірінше, Абайдың ұлағаты әлі күнге дейін маңызын да, құндылығын да жоғалтқан жоқ. Абай ілімі бүгінгі бірқатар бағыттарға орайлас келеді

НҰР-СҰЛТАН, 10 тамыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 10 тамызда қазақтың ұлы ақы­ны, ойшыл тұл­­ғасы Абай Құнан­­бай­­ұлы­ның ту­ға­нына 175 жыл тол­уына орай Егемен Қазақстан газетіне "Абай – рухани реформатор" атты мақала жариялады. 

Президент мақаласында биылғы жыл халықаралық "Абай жылына" айналғанын, әлемнің көптеген елі оның шығармашылығына назар аударғанын атап өткен.

"Қазақстанның бастамасымен және ЮНЕСКО-ның қолдауымен ұлы ақынымыздың 175 жылдық мерей­тойы жаһандық деңгейде аталып өтуде. Ақынның баға жетпес мұрасын ұғын­дыру және дәріптеу – азаматтық пары­­зымыз. Өйткені Абай – әлем­дік дең­гей­дегі кемеңгер тұлға. Абай­тану­дың тұ­ғыр­намалық негізі де осы болуға тиіс", - деп жазды Тоқаев.

Оның айтуынша, қазір ақынның еңбектерін халық­ара­лық ғылыми айналымға енгізу үшін нақты және мақсатты жұмыстар қол­ға алынуда. Оның шығарма­ла­ры әлем­нің он тіліне аударылып, бас­паға әзірленді. Бұл кітаптар жүз­ден астам елдің кітапханалары мен мәде­ни орта­лықтарына жіберіледі.

"Бірқа­тар шетел­дік аудармашыларға, Абай­дың шығармашылық мұрасын зерттеу­ші­лер мен насихаттаушыларға менің Жар­лығыммен мемлекеттік награда берілді. Абай рухын ұлықтау шарала­ры жалғасуда. Шетелдегі елшілік­тері­міздің жанынан Абай орталықтары ашыла бастады", - дейді мемлекет басшысы.  

Ақынның шығар­ма­шылығын жүйелі зерттеу үшін Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті жанынан Абай академия­сы құрылған.

Оқи отырыңыз: Абайдың әні алғаш рет жапон тілінде шырқалды – видео

Тоқаев бәсекеге қабілетті мемлекет болу үшін Абай мұрасын естен шығармау керек екенін атап өтті. Себебі ұлт ретіндегі жаңару идея­сы да оның көзқарасымен үндесіп жатыр.

"Келесі жылы Қазақстан Тәуел­сіз­дігі­нің 30 жылдығын атап өтеміз. Бірақ ке­зінде ұлы ойшылды қатты толған­дырған кейбір келеңсіздіктер қоғамда әлі де кездеседі. Өкінішке қарай Абай айт­қан "бес дұшпаннан" толық арылып болған жоқпыз. Азаматтарымыздың арасында жал­қаулық пен сөзуарлық жиі кездесетіні қынжылтады. Бұлар бұрынғыша той­құмарлықтан тартынбай, күнделікті тынымсыз тірлікті дәріптеудің орнына, әрбір қоғамдық оқиғадан саяси астар іздейді де отырады", - деп қынжылды президент.  

Ол Абай халықты той тойлауға емес, еңбек етуге, рухани кемелденуге шақырғанын еске салды.

Тоқаевтың пікірінше, Абайдың ұлағаты әлі күнге дейін маңызын да, құндылығын да жоғалтқан жоқ. Абай ілімі бүгінгі бірқатар бағыттарға орайлас келеді:

Ең алдымен, білім игеру. Біз бү­кіл әлемді ақыл-ой мен парасатты пайым арқылы ғана мойындата аламыз. За­ман талабына сай білім алу интел­лек­туалды ұлт қалыптастыруға жол ашады.

Екінші, тәрбие мәселесі. Сон­дықтан, өскелең ұрпаққа дұрыс бағыт берген жөн. Ақынның "Пайда ойлама, ар ойла, талап қыл артық білуге" деген өсиетін әрдайым санаға сіңіру қажет.

Үшінші, жаңа кәсіп игеру. Ақын әр қазақ өз ісінің шебері болса деп ар­­ман­дады. Әсіресе бәсекелестікке толы ал­мағайып заманда мұның мәні зор. Абай: "Мал керек болса, қол­өнер үй­ренбек керек. Мал жұтай­ды, өнер жұта­майды" дейді. Біз еңбекке, жаңа өнер иге­руге деген көзқа­расымызды түбе­гейлі өзгертуге тиіспіз. Байлықтың да, бақыттың да кілті – өзің сүйген кәсіпте.

Төртінші, ынтымақ мәселесі. Абай әрдайым қоғамның береке-бірлі­гін арттыруға ден қойды. Ол "Біріңді, қазақ, бірің дос, көрмесең істің – бәрі бос" деп, елді татулыққа шақырды. Біз аса күрделі кезеңді бастан өткеру­деміз. Осындай сәтте бір-бірімізге қол ұшын беріп, өзара мәміле мен ынты­мағымызды арттыра түсу аса маңызды. Кемеңгердің де жан-жүре­гімен тілегені жұртының амандығы мен ұлтының тұтастығы еді. Сон­дық­тан бүгінгідей қиын шақта Абай мұ­расына жүгіну өте өзекті  болып отыр.

"Біз Абайды ХІХ ғасырда өмір сүріп, ХХІ ғасырдың сөзін сөйлеген данышпан ретінде әлемге танытуымыз керек. Сонымен қатар оны ұлттық сананы жаңғыртуға зор ықпал еткен рухани реформатор ретінде дәріптеуге міндеттіміз. Түптеп келгенде, әрбір қазақ Абай­мен мақтануға тиіс! Халқымыздың ұлы перзентінің торқалы тойы құтты болсын!", - деп түйіндеді мемлекет басшысы.

Мақала ықшамдалып алынды. Толық нұсқасын мына жерден оқуға болады.

Жаңалықтар
0