НҰР-СҰЛТАН, 9 тамыз — Sputnik. Twitter қолданушылары тамақ дайындап жатқанда дірілдей бастаған еттің видеосын көріп шошыды.
Видеоны желіге малайзиялық қолданушы жүктеген. Бойжеткен анасы тамақ әзірлей бастағанда, тақтайда ет дірілдеп кеткенін айтқан. Олар шошып, етті қайта тоңазытқышқа салды.
Көптеген адам видео расымен де қорқынышты екенін жазып жатыр. Ал енді бірі шикі етте біраз уақыт бойы жүйке ұштары жұмыс істеп түруі мүмкін екенін айтуда.
GUYS KENAPA DAGING KORBAN NI GERAKKKKKK
— Yo! Artist (@tterororo) July 31, 2020
Mak aku taknak masak sebab takut 😂 pic.twitter.com/XRma8VIUqH
Видеоны 1 миллионнан астам адам тамашалап, 15 мыңға жуық пікір қалдырған.