Әлем

Қытайда соңы өлімге әкелетін жаңа вирус тарала бастады

© Sputnik / Игорь Зарембо / Медиабанкке өтуКлещ
Клещ - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Вирус кенеден адамға жұғып, басқа адамдарға қан немесе шырышты қабық арқылы таралады

Нұр-Сұлтан, 8 тамыз – Sputnik. Қытайда кене арқылы жұғатын SFTS вирусы өршіді, деп хабарлайды Global Times басылымы.

"Соңғы мәліметтер бойынша, қазірдің өзінде аталған індетті 60 адам жұқтырып, оның жетеуі қайтыс болған. Бастапқыда індет Цзянсу провинциясында тіркелді, кейіннен Аньхой провинциясының тұрғындары да вирус жұқтырғаны анықталды", – делінген ақпаратта.

Ауру жұқтырғандардың айтуынша, симптомдық белгі ретінде жөтел, дене қызуының көтерілуі және қандағы лейкоциттер мен тромбоциттер деңгейінің төмендеуі байқалады.

Оқи отырыңыз: Ғалымдар коронавирусты емдейтін жаңа қондырғы ойлап тапты

Айта кетейік, SFTS вирусы алғаш рет 2011 жылы анықталды. Вирус кенеден адамға жұғып, басқа адамдарға қан немесе шырышты қабық арқылы таралады.

Жаңалықтар
0