Қоғам

Енді көлікті ХҚКО-ға бармай-ақ тіркеуге болады

© Sputnik / Тимур БатыршинЦентр обслуживания населения (ЦОН)
Центр обслуживания населения (ЦОН) - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Вице-министрдің айтуынша, қазіргі кезде жүргізушілер Qamqor арқылы айыппұлдың бар-жоғын тексеру мүмкіндігін пайдалана алады

НҰР-СҰЛТАН, 8 тамыз – Sputnik. Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы автокөлікті тіркеу рәсімі тағы да жетілдіріліп, жеңілдей түсетін болды. Бұл туралы туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі Бағдат Мусин facebook желісіндегі парақшасында жазды.

"Апта басында мамандандырылған ХҚКО-ға бардым. Адам өте көп. Әрине, біздің міндетіміз – қызметтің бәрін автоматтандыру. Ішкі істер министрлігіне цифрландыру бойынша жаңадан тағайындалған вице-министр Сәкен Сәрсеновпен бірге процесті жеңілдетуді пысықтаудамыз", – деп жазған Мусин алдағы уақытта ХҚКО-ға келушілер санын мүмкіндігінше азайтуға жұмыс істеу қажеттігін атап өткен.

"Жүргізілген талдау нәтижесі Нұр-Сұлтан қаласында ресімделетін автокөліктің 30%-ті автосалоннан сатып алынатынын көрсетті. Сондықтан автосалондарда мамандандырылған ХҚКО бұрышын ұйымдастыруды ұйғардық. Автокөлікті таңдау, банк операторының несие ресімдеуі, ХҚКО операторының автокөлік кепілдігін ресімдеуі, мемлекеттік нөмір мен техникалық құжатты алу – бәрі бір жерде, автосалонда жасалады", – деді Мусин.

Бүгінде қаладағы бірқатар автосалонда осындай қызмет көрсету бұрыштары жұмыс істейтініне тоқталған ол, өзге автосалондарды өз клиенттеріне осылай қызмет көрсетуге шақырды. Ол үшін азаматтарға арналған үкіметке хабарласу қажет.

"Бізге адамдардың әлеуметтік қашықтықты сақтауына жағдай жасау маңызды. Жүргізушілер үшін тағы бір кішігірім жаңалық. Qamqor арқылы айыппұлдың бар-жоғын тексеру қызметі жұмыс істеуде", – деп толықтырды ол жазбасында.

Оқи отырыңыз: Алматы тұрғыны ХҚКО ғимаратында босанды

Айта кетейік, осы кезге дейін ұлттық ақпараттық технологиялар агенттігі мен бас прокуратура бұл қызметтің eGov.kz қолжетімділігін пысықтау барысында қауіпсіздікке қатысты бірқатар мәселені анықтаған болатын. Сондай-ақ, арнайы есеп және құқықтық статистика комитетімен келіссөз жүргізу нәтижесінде айыппұлдарды Qamqor арқылы тексеру қалпына келтірілген.

"Біздің мақсатымыз – барлығын eGov.kz арқылы емес, керісінше азаматтарға әртүрлі платформалар арқылы қызмет алу мүмкіндігін ұсыну", – деді Мусин.

Жаңалықтар
0