НҰР-СҰЛТАН, 8 тамыз – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 907 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.
Оның ішінде клиникалық белгілері жоқ 445 тасымалдаушы тіркелді.
Өңірлер бойынша (жалпы статистика/симптомсыз науқастар):
- Нұр-Сұлтан қаласы - 182 / 86,
- Алматы қаласы - 155 / 101,
- Шымкент қаласы - 12 / 10,
- Ақмола облысы - 37 / 22,
- Ақтөбе облысы - 8 / 3,
- Алматы облысы - 40 / 27,
- Атырау облысы - 24 / 21,
- Шығыс Қазақстан облысы - 94 / 39,
- Жамбыл облысы - 35 / 13,
- Батыс Қазақстан облысы - 51 / 21,
- Қарағанды облысы - 85 / 20,
- Қостанай облысы - 33 / 10,
- Қызылорда облысы - 26 / 9,
- Маңғыстау облысы - 32 / 27,
- Павлодар облысы - 15 / 4,
- Солтүстік Қазақстан облысы - 42 / 7,
- Түркістан облысы - 36 / 25.
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 97 829. Індеттен 71 609 адам жазылып шықты, 1 058 адам көз жұмды.