Өңірлер

Қостанай әкімі отставкаға кетуі мүмкін 

Жазылу
23 шілде күні Қостанай қаласы әкімінің өкімімен тергеудегі Қостанай қаласы әкімінің орынбасары Финк қызметінен босатылған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 7 тамыз – Sputnik.  Қостанай қаласының әкімі Қайрат Ахметов отставкаға кетуі мүмкін. Себебі оның орынбасарына қатысты тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Агенттіктің аға тергеушісі Данияр Биғайдаровтың айтуынша, қазіргі кезде Қостанай облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мамандары әкімдіктің бірқатар лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. 

"Олар лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланып, дүкен құрылысына арналған жер учаскесінің нысаналы мақсатын заңсыз өзгертіп, сәулет-жоспарлау тапсырмасын жасағаны үшін күдікке ілінді", - дейді Биғайдаров.

Ал 23 шілде күні Қостанай қаласы әкімінің өкімімен тергеудегі Қостанай қаласы әкімінің орынбасары Финк қызметінен босатылған болатын.

"Егер оның кінәсі сотта дәлелденсе, онда 10 күнтізбелік күн ішінде қала әкімі отставкаға кетуі тиіс", - деп атап көрсетті Биғайдаров.

Жаңалықтар
0