Қоғам

Бетперденің бағасы арзандайды – денсаулық министрлігі

© Sputnik / Тимур БатыршинАлматинцы в медицинских масках
Алматинцы в медицинских масках - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алыпсатарлар көбейіп кеткеннен кейін мемлекет тарапынан шекті бағалар енгізілді. Алдымен бір медициналық бетперденің бағасы 118 теңгеден аспау керек деген шешім шығарылды

НҰР-СҰЛТАН, 7 тамыз – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі медициналық масканың алты есеге қалайша қымбаттағанын түсіндірді. Жылдың басында оның бағасы 15 теңге болса, бүгінде 85 теңге тұрады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Денсаулық вице-министрі Людмила Бюрабекованың айтуынша, коронавирус пандемиясы басталғанда көптеген мемлекеттер медициналық маска сияқты қорғаныс құралдарыны шетелге шығаруға тыйым салды. Қазақстан да солай істеді. Бірақ елде бетперде тігілсе де, қажетті шикізат шетелден жеткізіліп тұрған. Отандық кәсіпкерлер көрші Қытай елінен алып жүрді. Ал шекара жабылғасын шикізатты жеткізу қиындады.    

"Отандық өндірушілер медицина мамандарын маскамен қамтамасыз етуге кірісті. Себебі ұзақмерзімді келісімшарттар бар. Шыны керек, дәл сол кезде нарықта медициналық бетперденің тапшылығы пайда болды. Содан масканың бағасы өсіп кетті", - деді Бюрабекова орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Оның айтуынша, алыпсатарлар көбейіп кеткеннен кейін мемлекет тарапынан шекті бағалар енгізілді. Алдымен бір медициналық бетперденің бағасы 118 теңгеден аспау керек деген шешім шығарылды. Одан кейін оны тағы да төмендетті. Дегенмен, шетелден келетін шикізат арзандаған жоқ, керісінше, қымбаттап кетті. 

"Сондықтан масканың бұрынғы бағасы, яғни, 15 теңге енді болмайды. Алайда біз отандық өндірушілерімізбен келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Бәлкім, алдағы уақытта бетперденің бағасын 60 теңгеге түсіретін шығармыз", - деді Бюрабекова.

 

Жаңалықтар
0