Экономика

Әкімдікке қарасты кәсіпорынның былық-шылығы ашылды - видео

© Sputnik / Рамиль СитдиковПапки с документами, архивное фото
Папки с документами, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ресми мәліметке сәйкес, кәсіпорынның лауазымды тұлғалары алаяқтық жолмен ірі көлемде ақша жымқырды деген күдік бар

НҰР-СҰЛТАН, 7 тамыз – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі "Астана АЭК" АҚ-ның лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. Осы кәсіпорынның жалғыз акционері - Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ресми мәліметке сәйкес, кәсіпорынның лауазымды тұлғалары алаяқтық жолмен ірі көлемде ақша жымқырды деген күдік бар. 

Бүгінде "Астана АЭК" АҚ басқарма төрағасының орынбасары, сондай-ақ, оған бағынышты компанияның сату бөлімінің басшысы мен  "Сарыарқа АЭК" басшысына айып тағылып отыр. Олар сауда және ойын-сауық, бизнес орталықтары және басқа да заңды тұлғалардың электр энергиясын нақты тұтыну көлемін азайтып отыр. Сөйтіп, 50 миллион теңгеден астам қаржыны жымқырды деген күдік бар.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қыруар қаржыны жымқыру схемасын да жариялады. Оған сәйкес, заңды тұлғалардың электр қуаты үшін "Астана АЭК" АҚ-ның төлейтін ақшаның 30 процентін ұсталған лауазымды тұлғалар пара ретінде алған. Сол үшін тағы 50 процентін шығын ретінде есептен шығарып отырған. Осылайша, "Астана АЭК"-тың өзіне барлық ақшаның тек 20 проценті ғана төленіп тұрды. 

"Басқарма төрағасының орынбасары және сату бөлімінің басшысы Қылмыстық-процестік кодекстің 128-бабына сәйкес ұсталып, Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Алдын ала тергеу жалғасуда. Іс бойынша түпкілікті шешім қылмыстық іс жүргізу заңнамасының талаптарын орындау нәтижелері бойынша қабылданады", - дейді құқық қорғаушылар.

Жаңалықтар
0