НҰР-СҰЛТАН, 7 тамыз – Sputnik. Денслауық сақтау министрлігі бір тәуліктің ішінде коронавирус пен коронавирустық пневмониядан қайтыс болғандардың санын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Ресми мәліметке сәйкес, кешеден бері республика бойынша 980 адамда коронавирус инфекциясы анықталды. Барлығының ПТР-тесті теріс нәтиже көрсетті.
Ал осы диагнозбен қайтыс болғандардың саны 1 189 адамға жетті. Бір тәулікте 30 науқас көз жұмды. Жалпы, коронавирус анықталған қазақстандықтардың саны 96 922 адамға жетті.
"Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 25 053 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 108 бала бар. Стационарларда 5 364 науқас жатыр. 19 689 адам амбулаториялық жағдайда емделуде", – дейді дәрігерлер.
Бұдан бөлек, Қазақстанда 1 тамыздан бері коронавирустық пневмония да есепке алынады. Осы санаттағы науқастардың ПТР-тесті теріс нәтиже көрсетсе де, коронавирустық инфекцияның айқын белгілері бар. Негізгі белгі – пневмония. Оны "коронавирустық пневмония" деген атаумен бөлек шығарды. 7 тамызға дейін осы диагнозбен 11 008 науқас тіркелді.
Оқи отырыңыз: "Олар кінәлі емес": Елді шулатқан дәрігерлерді министрлік қорғаштап жатыр
Бір аптаның ішінде 120 адам қайтыс болса, соңғы тәуліктің ішінде 18 науқас көз жұмды. Ал кешеден бері коронавирустық пневмонияға 1 424 адам шалдыққан.
"Жалпы науқастардың арасында 171 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 28 пациенттің жағдай өте ауыр деп бағалануда. 42 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған", – деп атап көрсетті мамандар.