Қоғам

Damumed дауы: жалған мәлімет енгізген өңірлер аталды

© Sputnik / Абзал КалиевМобильное приложение Damumed
Мобильное приложение Damumed - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Медициналық ұйымдар жалған өтінімдер арқылы қордан алған ақшасын үш еселеп қайтарды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі

НҰР-СҰЛТАН, 7 тамыз – Sputnik. "Damumed" қосымшасы арқылы медициналық көмекке қатысты мәліметті бұрмалаған емханалар ақшаны үш еселеп қайтарды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахмет мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Не масқара?": Ақшаға құныққан дәрігерлердің қулық-сұмдығы әшкере болды 

Оның айтуынша, биыл жарты жылдың ішінде медициналық көмек көрсетілгені туралы 13,5 мың жалған өтінім берілген. Медициналық сақтандыру қорынан ақша да аударылған. Алайда емханалар мен ауруханларға ол ақшаны үш еселеп қайтаруға тура келді.  

"Медициналық ұйымдар жалған өтінімдер арқылы қордан алған ақшасын үш еселеп қайтарды. Бұның барлығы келісімшартта айыппұл ретінде жазылады", - дейді Қожахмет.

Министрліктің ресми өкілі жалған өтінімдер көп тіркелген аймақтарды да атады.

"Фальсификацияның ең жоғары көрсетіші Маңғыстау мен Солтүстік Қазақстан облыстарында, Алматыда және тағы басқа аймақтарда тіркелген. Бұл, шынымен де, бұрмалау. Белсенді азаматтарымыздың арқасында біз осы жүйенің барлық кемшілігін анықтап, ашықтықты қамтамасыз ете аламыз. Арыз-шағымдар болса, 1406 телефонына хабарласуды сұраймыз. Біз барлық фактіні тексереміз", - деп түйіндеді Қожахмет.

Жаңалықтар
0