АЛМАТЫ, 7 тамыз – Sputnik. Атыраудың "Көктем" ықшам ауданында балаға қол жүгірткен күдікті ұсталды, деп хабарлады өңірлік "Мой Город" басылымы.
Атырау облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға 6 тамыз күні кешке болған.
Күдікті ұсталған сәттің видеосы WhatsApp мессенджерінде тарап кетті.
Видео авторының айтуынша, күдікті адам екеу болған, оның бірі оқиға орнынан бой тасалаған. Оны сол маңдағы құқық қорғау қызметкерлері іздеп жатыр.
"Сағат 19.45-те "Көктем" ықшам ауданындағы дүкеннің жанында мас ер адам балаға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасауға тырысты", - деп хабарлады Атырау облыстық ПД баспасөз қызметі.
Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері күдіктіні ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алды.
Оқи отырыңыз: Оралда 6 жасар қызды алып кетпек болған бейтаныс адам қарсылыққа тап болды – видео
Қылмыстық кодекстің 121-бабы "сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.