НҰР-СҰЛТАН, 6 тамыз – Sputnik. Қауынды суық сумен, сүтпен және алкогольдік ішімдікпен бірге жеуге болмайды. Мұндай ас мәзірінен бірден асқазан ауырады, деп хабарлайды РИА Новости.
Қауын асқазанға ауыр тиеді. Сондықтан оны аш қарынға немесе бірден тамақтан соң жеуге болмайды. Сондай-ақ, зиянды заттар, негізінен, қабығына жақын жерде болатынын ұмытпауға кеңес беріліп отыр.
Қант диабеті, асқазан жарасы бар адамдарға, аяғы ауыр және бала емізетін әйелдерге жемеген жөн.
Тағы оқыңыз: Қауын-қарбыздың дәмдісін қалай таңдау керек – видео
Қауын калий, магний, темір, С және Р дәрумендеріне бай. Шөлді қандырып, қандағы холестерин деңгейін төмендетеді. Бұған қоса, тыныштандыратын қасиеті бар екені айтылып отыр.