Қоғам

Қай жерде темекі шегуге болмайды – мамандар жаңа заң талабын түсіндірді

CC0 / Lukas Bieri / Сигарета
Сигарета - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ғосман Жакиннің айтуынша, тәртіп бұзғандардың тұрақты тіркеуі тексеріліп, қорқорды заңсыз жерде шеккендерге айыппұл салынады

НҰР-СҰЛТАН, 6 тамыз – Sputnik. Қазақстанда темекі шегуге тыйым салынған орындардың тізімі кеңейді, деп хабарлады "Хабар 24" арнасы.

Енді, жабық автобус аялдамасында, балалар алаңында, метрода және жерасты өткелдерде темекінің кез келген түрін шегуге тыйым салынады. Соның ішінде сигарет, электронды темекі және кальян да бар.

"Бізде жастар қоғамдық орындарда отырып, қорқорды жиі тартады. Енді, оған тыйым салынды. Дәмхана мен қоғамдық жерлерде, тіпті жазғы дәмхана мен далада қорқор шегуге болмайды. Оны тартқысы келсе, үйде ғана жасай алады", - дейді алкоголь мен темекі өнімдерін сату қауымдастығының атқарушы директоры Темірлан Жақыпбеков.

Қорқорға арналған темекі мен қоспаларды, тек 2021 жылы ғана сатып алуға болады. "Денсаулық туралы кодекстің" жаңа нұсқасына сәйкес, сатушы жеке куәлікті көрсетуді талап етуге міндетті. Бұдан бөлек, келесі жылдан бастап темекі мен кальян қоспаларын сөреге қоюға болмайды.

Нұр-Сұлтандағы жергілікті полиция қызметінің бастығы Ғосман Жакиннің айтуынша, тәртіп бұзғандардың тұрақты тіркеуі де тексеріледі. Ал қорқорды заңсыз жерде шеккендерге айыппұл салынады.

Оқи отырыңыз: Қазақстандықтар жеке куәлік көрсетуі тиіс - сарапшылар жаңа талап туралы айтты

"Айыппұлдың көлемі, шамамен, екі есеге өсіп, 42 мың теңгені құрап отыр", - деді Жакин.

Жаңалықтар
0