Қоғам

Қазақстанда бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 50 адам көз жұмды

© Sputnik / Евгений Епанчинцев / Медиабанкке өтуАппарат для искусственной вентиляции легких в больнице, архивное фото
Аппарат для искусственной вентиляции легких в больнице, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Осы уақытқа дейін республика бойынша коронавирус жұқтырған 95 942 науқас тіркелді. Ал инфекциядан 1 159 адам көз жұмды

НҰР-СҰЛТАН, 6 тамыз – Sputnik. Қазақстанда бір тәуліктің ішінде коронавирус пен пневмониядан 50 науқас қайтыс болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Денсаулық сақтау министрлігі фейсбуктегі парақшасында қазіргі кезде коронавирус инфекциясынан 25 912 науқас емделіп жатқанын хабарлады. Олардың ішінде 139 бала бар. Стационарларда 5 507 науқас жатыр. 20 405 адам амбулаториялық жағдайда, яғни үйде емделуде. ⠀

"Бір тәуліктің ішінде 1 060 адамнан коронавирус анықталды. Ал 1 530 пациент пневмонияға шалдыққаны белгілі болды. Соңғы тәулікте ПТР-тест арқылы коронавирус жұқтырғаны анықталған 34 адам қайтыс болды, ал көз жұмған 16 науқастан вирус табылмаған", - дейді мамандар.  

Бүгінде стационарда жатқан 170 науқастың жағдайы нашар. Соның ішінде 36 пациенттің жағдайы өте ауыр. 41 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

Жалпы, осы уақытқа дейін республика бойынша коронавирус жұқтырған 95 942 науқас тіркелді. Инфекциядан 1 159 адам көз жұмды.

Оқи отырыңыз: Билік коронавирустан қайтыс болғандардың нақты санын жасырып отыр ма?

1 тамыздан бастап коронавирус статистикасына коронавирустық пневмония да қосылатын болды. Оған ПТР тест теріс нәтиже көрсеткен және COVID-19-ға ұқсас пневмониялар кіреді. Денсаулық министрлігінің мәліметіне сәйкес, 1-6 тамыз аралығында коронавирустық пневмонияға шалдыққан 9 584 науқас тіркелген. Бес күннің ішінде 102 адам қайтыс болды.

Жаңалықтар
0