Қоғам

"Болашақ" стипендиясына тестілеу мен сұхбаттасу онлайн өтеді

© Sputnik / Абзал КалиевПрезидент АО "Центр международных программ" Айнур Карбозова на брифинге в пресс-центре Sputnik Казахстан
Президент АО Центр международных программ Айнур Карбозова на брифинге в пресс-центре Sputnik Казахстан - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Болашақ" стипендиясын тағайындау жөніндегі комиссия мүшесімен үміткер онлайн форматта сұхбаттаса алады. Қазақстан президенті әкімшілігі онлайн сұхбатты ұйымдастыру үшін техникалық дайындық жүргізуді тапсырды

АЛМАТЫ, 6 тамыз – Sputnik. Коронавирус пандемиясына байланысты "Болашақ" халықаралық стипендиясын иелену үшін кешенді тестілеуді және комиссия мүшелерімен сұхбаттасуды онлайн форматта өтуге болады. Бұл туралы "Халықаралық бағдарламалар орталығының" президенті Айнұр Кәрібозова Sputnik Қазақстан баспасөз орталығында өткен онлайн брифингте хабарлады.

"Қазақстан президенті әкімшілігінің тапсырмасы бойынша "Болашақ" жүйесі бойынша іріктеуді автоматтандыру үшін конкурстық іріктеуді техникалық жағынан қамтамасыз ету жұмыстары пысықталып жатыр", - деді Кәрібозова.

Айтуынша, кешенді тестілеудің мазмұнына қатысты өзгерістер енгізіліп жатыр. Тестілеу енді үш бөлімнен тұрады: сандық, ауызша және біліктілікке қатысты сұрақтар болады.

"Болашақ" стипендиясына үміткерлер таңдаған жоғары оқу орындарында оқу қыркүйек айының соңында немесе қазан айының басында, қарашада және 2021 жылдың қаңтар айында басталады. Техникалық дайындық бойынша бірінші іріктеуді тамыздың аяғында немесе қыркүйектің басында орталықтандырып өткізуді жоспарлап отырмыз", - деді ол.

Пандемияға байланысты эпидемиологиялық жағдайдың қалай болатыны әзірге белгісіз, сол себепті бұл кезең онлайн форматта өтеді. Екінші кезең, яғни тәуелсіз сараптама комиссиясы мүшелерімен жеке сұхбаттасу да онлайн өтеді. Сұхбат үміткердің таңдауы бойынша қазақ немесе орыс тілінде жүргізіледі.

"Іріктеудің жаңа ережелері бойынша сараптама комиссияда кемінде бес адам болады, ал бұрын кемінде үш адам болды. Сонымен қатар комиссия мүшелері үміткердің таңдаған мамандығына, ЖОО, білім алатын еліне байланысты қойылатын сұрақтар шегі бекітілді", - деді Кәрібозова.

Сонымен қатар тәуелсіз сараптама комиссиясының мүшелерін іріктеу талаптары да күшейтілді. Енді комиссия мүшесінің еңбек өтілі 10 жылдан кем болмауы керек, оның бес жылы тікелей мамандығы бойынша болуы шарт. Сондай-ақ, ғылыми дәрежесі, ғылыми мақалалары және шетелде білім алған болуы керек.

Айта кету керек, сұхбаттасудағы ашықтықты қамтамасыз ету үшін онлайн-сұхбат таспаға жазылады.

2020 жылы үміткерлерден құжаттар egov.kz арқылы онлайн қабылданады. Құжаттарды қабылдау 27 шілдеде басталып, 2020 жылдың 31 қазанына дейін жалғасады.

"Болашақ" халықаралық стипендиясы магистратура, докторантура, резидентура және тағылымдама бағдарламалары бойынша тағайындалады.

Биыл академиялық оқу үшін 85, тағылымдамадан өту үшін 95 мамандық анықталды. "Болашақ" бағдарламасы бойынша оқуға түсуге ұсынылған 138 жоғары оқу орнының тізімі бекітілді.

Жаңалықтар
0