НҰР-СҰЛТАН, 5 тамыз – Sputnik. Денсаулық сақтау министрінің орынбасары жұмыс орнында тұрғынға алғашқы медициналық көмек көрсетіп, өмірін құтқарды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Дүйсенбі, 3 тамыз күні Марат Шоранов денсаулық министрлігіне, жұмысына келген. Осы кезде 1969 жылы туған әйел бесінші кіреберістің баспалдағымен көтеріліп бара жатқан. Ол кенеттен есінен танып, құлай жаздады.
Шоранов әйелді ұстап қалды. Оның көгеріп кетіп, асфиксия болғанын көрген. Медициналық тәжірибесі бар вице-министр бірден алғашқы медициналық көмек көрсетті. Жүргізушіге "отвертка" әкелу керек екенін айтқан. Ол қажет болса, трахеостома жасамақ болған.
Әйел есін жиып, тыныс ала бастады. Жедел жәрдем шақыртылып, жалпы хирургия және проктология бқлімшесіне жеткізілді. Ішіктің жабысып бітелуі деген диагноз қойылды.
Дәрігерлер тұрғынның жағдайы жақсарғанын айтты. 6 тамыз күні ауруханадан шығарылады.