Экономика

Медициналық сақтандыру қоры қазақстандықтардың наразылығына жауап берді

© Sputnik / Болат ШайхиновЛекарства, деньги
Лекарства, деньги - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстандықтар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде қандай жағдайда сақтандырылмай қалуы мүмкін және бұл мәртебені өзгерту үшін не істеу керек

АЛМАТЫ, 5 тамыз – Sputnik. Әлеуметтік желіде азаматтар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде кейбірінің сақтандырылмағанын, яғни  медициналық көмек алу мүмкіндігінен айырылғанын талқылап жатыр.

Медициналық сақтандыру қоры азаматтың үнемі жарна салып отырғанына қарамастан, не себепті мұндай жағдай туындап отырғанын түсіндірді.

"Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі туралы" заңның 5-бабына сәйкес, МӘМС жүйесіне жарналар ай сайын, қарызсыз түсіп отыруы тиіс. Бұл ретте әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төлем тікелей емес, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы түседі. Төлем бірқатар тексеруден өтеді", - делінген медициналық сақтандыру қоры хабарламасында.

Демек, қандай да бір берешек анықталған жағдайда сақтандыру мәртебесі берілмейді. Сонымен қатар бірыңғай жиынтық төлем де тексеруден өтеді.

Төлем қалай тексеріледі

"Saqtandyrý" ақпараттық жүйесіне мемлекеттік корпорациядан төлем туралы деректер түскен кезде сол төлемнің түрі анықталады, яғни БЖТ (бірыңғай жиынтық төлем) немесе БЖТ емес екені нақтыланады.

Содан кейін тұтынушыда алдыңғы 12 кезеңде берешектің бар-жоғына тексеру жүргізіледі. Берешек болған жағдайда сақтандыру мәртебесі берілмейді, бұл төлемшінің кез келген санатына қатысы бар.
Егер қарыз болмаса және төлем түрі БЖТ емес болса (яғни жеке кәсіпкер, жалдамалы қызметкер, жеке төлемші жарнасы), сақтандыру мәртебесі келесі үш айға беріледі. Алайда берешекті болдырмау үшін келесі айларда МӘМС үшін жарна төлеуді жалғастыру қажет.

Егер берешек жоқ болса және бірыңғай жиынтық төлем болса, онда өткен екі ай үшін БЖТ төлемдерінің бар-жоғына тексеру жүргізіледі. Егер олар болса, сақтандыру мәртебесі сол айдың соңына дейін беріледі. Олар болмаған жағдайда сақтандыру мәртебесі берілмейді.

Төлем түскен сайын Saqtandyrý жүйесі 12 ай ішінде төлемшінің барлық жарнасының сақтандыру мәртебесін қайта есептейді.

Қордағы мәртебені қалай өзгертуге болады

Егер азамат өзінің "сақтандырылмағанын" анықтаса және оның берешегі болса, "Азаматтарға арналған үкіметке", медициналық әлеуметтік сақтандыру жүйесі әкімшілік басқармасына (МӘМС мәселесі бойынша) жүгінуі қажет: 8 (7172)55 21 00, ішкі нөмір 10-537, 10-452, 10-292, 10-437.

Төлемдердің болуы немесе болмауы туралы, сондай-ақ 12 күнтізбелік ай ішінде жүзеге асырылған қайтарымдар туралы ақпаратты "электрондық үкімет" порталында "медициналық қызметтерді тұтынушы ретінде қатысу туралы және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі аударымдардың және (немесе) жарналардың аударылған сомалары туралы ақпарат беру" электрондық мемлекеттік қызметіне тапсырыс беріп біле алады.

Сонымен қатар азамат "сақтандырылмаған" болса, Telegram-дағы SaqtandyryBot арқылы тексеруге болады.

МӘМС жүйесі Қазақстанда 1 қаңтардан бастап толық күшіне енді. Жұмыс берушілердің медициналық сақтандыру қорына аударымдары 2017 жылдың шілдесінде әрбір қызметкердің өз қаражаты есебінен кіріс мөлшерінің 1%-ін аударудан басталды.

2019 жылы жұмыс берушілер әр қызметкер үшін 1,5%, 2020 жылы 2% және 2022 жылы 3% аударады. Бұл сондай-ақ жалдамалы жұмыскерлері бар жеке кәсіпкер және шаруа қожалығы иелеріне де қатысты.

Жаңалықтар
0