Қоғам

Білім күні қалай өтеді – министр жауап берді 

© Sputnik / Владислав Воднев1 сентября в столичной школе имени Абая Кунанбаева
1 сентября в столичной школе имени Абая Кунанбаева - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Yandex newsTelegram
Жаңа оқу жылына дейін ата-аналар мен балаларға үйде білім алу мәселелері бойынша арнайы сабақтар ұйымдастырылады

НҰР-СҰЛТАН, 4 тамыз – Sputnik. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Білім күні қалай ұйымдастырылатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"1 қыркүйек - Білім күнін онлайн режимде өткізуді жоспарладық", - деді Аймағамбетов үкіметтің онлайн отырысында. 

Министрдің айтуынша, жаңа оқу жылына дейін ата-аналар мен балаларға үйде білім алу мәселелері бойынша арнайы сабақтар ұйымдастырылады. 

"Ата-аналар мен оқушылар үшін әдістемелік қолдау көрсету өте маңызды. Біз бұны төртінші тоқсанның нәтижесінде көрдік. Сондықтан тамыз айында балаларға және ата-аналарға үйде қалай оқу керек, гигиена негіздері, кибермәдениет, интернет арқылы қалай оқу керек және дене жаттығуларының маңызы туралы бірыңғай сынып сағаттары, сондай-ақ, ата-аналар жиналысын өткізуді жоспарлап отырмыз", - деп атап көрсетті Аймағамбетов.

Оның сөзіне қарағанда, алдын ала болжам бойынша биыл интернет мен теледидар арқылы 2,6 миллион оқушы, кезекші сыныптарда 530 мың бала және шалғай ауылдарда штаттық режимде 157 мыңнан астам оқушы білім алады.

Жаңалықтар
0