Қоғам

Жақсылық Үшкемпіровпен қоштасу рәсімі қашан өтетіні айтылды

© Sputnik / Юрий Сомов / Медиабанкке өтуЖаксылык Ушкемпиров (в центре)
Жаксылык Ушкемпиров (в центре) - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Спортшының қазасына байланысты президент Қасым-Жомарт Тоқаев, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев және бірқатар мемлекет қайраткері көңіл айтты

АЛМАТЫ, 3 тамыз – Sputnik. Даңқты спортшы, Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровті жерлеу рәсіміне спортшының туыстары ғана қатысады. Бұл жайында мәдениет және спорт министрлігің баспасөз қызметі хабарлады.

"Пандемияға байланысты және адамдардың жаппай жиналуына жол бермеу мақсатында Жақсылық Үшкемпіровті жерлеу рәсіміне спортшының жақын туыстары ғана қатысады. Бастапқыда спортшымен қоштасу рәсімі Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтеді деп жоспарланды. Алайда қазіргі жағдайға байланысты марқұммен қоштасу рәсімі бір жылдан кейін өтетін болды", - деді министрліктің баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан тілшісіне.

Айта кетсек, кеше, 2 тамызда 70 жасқа қараған шағында көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның Еңбек ері, Олимпиада чемпионы, әлем чемпионы Жақсылық Үшкемпіров дүниеден өтті.

1980 жылы Мәскеу Олимпиадасынан кейін Жақсылық Үшкемпіровтің есімі Қазақстанның спорт тарихында алтын әріптермен жазылды. Ол –грек-рим күресінен Олимпиада чемпионы атанған тұңғыш қазақ. Спортшының қазасына байланысты Қазақстанның президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев және бірқатар мемлекет қайраткері көңіл айтты.

Тағы оқыңыз: "Қазасы қабырғама батты": президент желіде жазба жариялады

Жаңалықтар
0