НҰР-СҰЛТАН, 3 тамыз – Sputnik. Оралда белгісіз біреу аулада ойнап жүрген қызды алып кетпек болды, бірақ ол ойы жүзеге аспады. Сыртқы бақылау камерасына түсіп қалған видео Желіде жарияланды.
Оқиға 2 тамызда Зашаған шағын ауданында Мөңкеұлы көшесіндегі көпқабатты үйлердің ауласында болған, деп хабарлады "Мой Город" өңірлік басылымы. Видеодан ер адамның қызға жақындап, біраз уақыттан кейін бірге кетіп бара жатқан сәтін көруге болады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Бейтаныс адам бірнеше метр жүріп үлгереді, бірақ бір нәрседен күдіктенген жергілікті тұрғындардың бірі оның жолын бөгеп, ұрып-соққан.
Сәтбаевтағы оқиға: полицияның педофилді үйінен қалай алып шыққаны белгілі болды
Қыздың ата-анасы полицияға шағым түсірді. Кейін ер адамның жеке басы анықталып, қамауға алынғаны белгілі болды.
"Қазіргі уақытта қыздың анасының арызы Зашаған полиция басқармасының бөлімінде тіркеліп, ер адам анықталып, қамауға алынды. Оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр. Содан кейін процессуалдық шешім қабылданады", - деп хабарлады Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті.
Ведомство күдіктінің орта дәрежеде мас болғанын хабарлады.