Өңірлер

Жүздеген адам жиылды - Ақтауда болған жағдайдың видеосы тарап кетті

© Sputnik / Ксения ВоронинаВид на площадь Астана возле городского акимата актау
Вид на площадь Астана возле городского акимата актау - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Өңірдегі шектеу шараларына қарамастан, үйдің маңына жүздеген адам жиылған. Олар қарияны ақтық сапарға шығарып салуға келген

АЛМАТЫ, 3 тамыз — Sputnik. Маңғыстау облысының бұрынғы бас полицейі Мақсұтхан Әбләзімовтің анасы Бибіжамал Әбләзімованы ақтық сапарға шығарып салуға жүздеген адам жиылды. Бұл туралы өзінің Telegram-каналында Қазақстан премьер-министрінің штаттан тыс кеңесшісі Ербол Еділов хабарлады.

"Полиция генерал-майоры, Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің басшысы Мақсұтхан Әбләзімов пен бизнесмен Бахаридин Әбләзімовтің анасы Бибіжамал Әбләзімова 79 жасында өмірден озды", - деп жазылған 1 тамызда жарияланған хабарламада. 

"Ақтау-Лада" басылымы бүгін, марқұмның үйінің маңында тұрғындар көптеп жиналғанын жазады. Өңірдегі шектеу шараларына қарамастан, жүздеген адам келген.

Полиция қала ортасында адамдардың көптеп жиналуына байланысты түсініктеме берген жоқ. Облыста адам көп жиналатын шараларды өткізуге тыйым салынған, соның ішінде жаназа мен ас та бар. 

 

Жаңалықтар
0