Қоғам

Телефон экранын неге төмен қаратып қою керек?

© Sputnik / Тимур БатыршинВ процессе "отработок" находится немало краденых телефонов...
В процессе отработок находится немало краденых телефонов... - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Объективінде линза көп болғандықтан, көптеген телефон камерасын қорғау қиынға соғатыны айтылып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 2 тамыз — Sputnik. Экранын төмен қаратып қойса, телефонның қызмет ету мерзімі ұзарады.

Сарапшылардың айтуынша, экраны төмен қарап тұрса, смартфон камерасына зақым келмейді және дисплейі қызбайды, деп хабарлайды РИА Новости.

"Адамдар телефон сатып алған кезде бірден қорғайтын шыны қояды. Сондықтан телефонның камера жағын емес, экран жағын төмен қаратып қою әлдеқайда қауіпсіз", - дейді мамандар.

Өйткені телефон экранын қорғаудың түрлі жолы бар. Ал камера үшін мұндай жағдай жасалмаған. Объективінде линза көп болғандықтан, көптеген телефон камерасын қорғау қиын екені айтылып отыр.

Тағы оқыңыз: Дәрігер телефонның жарығы орны толмас өкінішке әкелуі мүмкін екенін айтты

Жаңалықтар
0