Өңірлер

Синоптиктер жаздың соңғы айында ауа райы қандай болатынын айтты

© Photo : PixabayКапли воды на листе
Капли воды на листе - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мамандардың болжамына сүйенсек, биыл тамыз айы басқа жылдардан ерекшеленбейді, тек кейбір облыста жауын-шашын көп түсіп, температура төмендейді

НҰР-СҰЛТАН, 1 тамыз – Sputnik. Қазгидромет тамыз айына ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Күннің ұзақтығы тамыз айында солтүстік облыстарда 2 сағатқа, оңтүстік облыстарда 1 сағат 20 минутқа қысқарады, дейді мамандар.

Еліміздің басым бөлігінде орташа айлық температура тамызда шілде айынан +2+2,5°С, ал оңтүстік облыстарда 1°С төмен. Қазақстанның солтүстігінде +16+20°С болады, ал оңтүстікте +27+29°С дейін жоғарылайды.

Оқи отырыңыз: Алматыға ұшқалы тұрған: Павлодарда ұшаққа найзағай түсті

"Тау бөктеріндегі аудандарда биіктеген сайын ауа температурасы +24°С дан (теңіз деңгейінен 450 м биіктікте) 7,5°С дейін (3 км биіктікте) төмендейді", - дейді синоптиктер.

Жаздың соңғы айында ауа температурасы климаттық норма шамасында болады деп болжанып отыр. Жауын-шашынның едәуір көп болуы және қатты құрғақшылық, әдетте, тамыз айында сирек болады. 2020 жылдың тамыз айы да басқа жылдардан ерекшеленбейді. 

Жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде норма шамасында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батыс бөлігінде, сонымен қатар Алматы облысының тау және тау бөктерлі аудандарында нормадан көп, ал Маңғыстау, Қызылорда облыстарында және Ақтөбе облысының оңтүстігінде нормадан аз болады.

"Тамыздың бірінші онкүндігінде құбылмалы ауа райы циклондармен, атмосфералық фронттармен байланысты болады, олардың өтуі қысқа мерзімді жауын-шашынға, батыс, солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыс аймақтарда күшті жауын-шашын, сондай-ақ желдің күшеюіне әкеледі. Найзағай мен бұршақтың түсуі шілде айына қарағанда аз болады деп күтілуде", - делінген Қазгидрометтің болжамында. 

Мамандардың пайымдауынша, тамызда республиканың басым бөлігінде ауа температурасы жоғары болады: түнде +15+25°С шамасында, күндіз +27+37°С, оңтүстікте +40°С дейін көтеріледі. Тек батыста, шығыста және оңтүстік-шығыстағы таулы аудандарда Скандинавия мен Таймыр аудандарынан суық ауа массаларының енуіне байланысты бірінші онкүндіктің ортасында ауа температурасы түнде +10+15°С-қа дейін, күндіз +20+27°С-қа дейін төмендейді.

Екінші және үшінші онкүндіктерде жаңбырлы және салқын күндер ыстық және бұлтсыз күндерге ауысады. Еліміздің солтүстігінде ауа температурасының ауытқуы түнде +12+20°С-тан +7+15°С-қа дейін, күндіз +23+30°С-тан +15+23°С-қа дейін, ал оңтүстігінде және батысында түнде +15+23°С-тан +10+18°С-қа дейін, күндіз +30+39°С-тан +23+30°С-қа дейін күтіледі.

Жаңалықтар
0