Әлем

Ресейде коронавирусқа қарсы жаппай вакциналау қазан айында басталады

© REUTERS / YVES HERMANСотрудница лаборатории проводит исследования для создания вакцины от коронавируса
Сотрудница лаборатории проводит исследования для создания вакцины от коронавируса  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Елдің денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қарсы вакцинаны клиникалық сынақтан өткізу жұмыстары аяқталғанын хабарлады

НҰР-СҰЛТАН, 1 тамыз – Sputnik. Ресей денсаулық сақтау министрі Михаил Мурашко Гамалея атындағы ұлттық эпидемиология және микробиология зерттеу орталығы әзірлеген коронавирусқа қарсы вакцинаны клиникалық сынақтан өткізу жұмыстары аяқталғанын хабарлады.

Қазір бұл препаратты тіркеу үшін құжаттар пакеті дайындалып жатыр, деп хабарлады РИА Новости.

Мурашко тіркеу куәлігі алынғаннан кейін вакциналар қолданыла бастайтынын атап өтті. Бірінші кезекте арнайы топтар – дәрігерлер мен мұғалімдерге егіледі.

Министрдің айтуынша, билік жаппай вакциналауды қазан айынан бастауды жоспарлап отыр.

Оқи отырыңыз: Бекшин тұмауға шалдыққан науқас коронавирус жұқтырса не болатынын айтты   

Гамалея атындағы орталық қорғаныс министрлігімен бірлесіп Н.Н.Бурденко атындағы әскери госпиталь базасында вакцинаны клиникалық сынақтан өткізді. 20 шілдеде ол жерден 20 еріктіден тұратын екінші топ шығарылды.

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, анализ нәтижелері еріктілердің бәрінде коронавирусқа қарсы иммунитет пайда болғанын көрсеткен. Ешқандай жанама әсері, асқыну немесе ұнамсыз реакция болмаған, ешбірі денсаулығына қатысты шағым түсірмеген.

COVID-19 коронавирус пандемиясы бүкіл әлемге таралды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының соңғы мәліметі бойынша, 17,1 миллион адам вирус жұқтырған, олардың 668 мыңы қайтыс болды.    

Жаңалықтар
0