Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанда автобус қашан жүретіні белгілі болды

Жазылу
Елорда тұрғындарының өтініші бойынша қалада қоғамдық көліктер қайтадан қатынай бастайды, деп хабарлады Нұр-Сұлтан әкімі

НҰР-СҰЛТАН, 1 тамыз – Sputnik. Нұр-Сұлтанда қоғамдық көліктер дүйсенбіден бастап жүреді. 

"Жұмыс берушілер мен қала тұрғындарының өтініші бойынша автобустар қозғалысын 3 тамыздан бастап жандандырамыз. Тек қалалық бағдарлар іске қосылады, каламаңы автобустары қатынамайды. Автобустар сағат 6:00-ден 21:00-ге дейін жүреді", - деп хабарлады Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов әлеуметтік желіде.

Қоғамдық көлікке маскасыз мінуге тыйым салынады. Көлік бақылау департаментінің қызметкерлері күн сайын рейд жүргізіп, жүргізушілер мен жолаушылардың бетперде режимін сақтауын тексереді. Ал жүргізушілерге жолаушыларды салонға маскасыз кіргізуге қатаң тыйым салынады.  

Автобусқа тек алдыңғы есіктен мінуге болады. Жол жүру ақысы қолма-қол ақшасыз төленеді. 

Әкім автобус жүргізушілері коронавируспен күреске айтарлықтай үлес қосып жатқанын айтты – пандемия кезінде олар медицина қызметкерлерін, әлеуметтік қызметкерлерді жұмысқа тасыды.

Оқи отырыңыз: Алматыда қоғамдық көлік қозғалысы тоқтатылады 

Алтай Көлгінов сондай-ақ қоғамдық көлік жүргізушілерін келе жатқан Көлік қызметкерлері күнімен құттықтады.

Ол қала тұрғындарының жаңа бағыттар ашу жайлы тілегі ескеріліп, елорда автопаркін жаңарту үшін 100 электр автобус сатып алынып, тапсырылғанын атап өтті.    

Жаңалықтар
0