Қоғам

Денсаулық сақтау министрлігі жұртты толғандырған сұрақтарға жауап берді

© Sputnik / Абзал КалиевЛюди в масках на пешеходном переходе в Нур-Султане
Люди в масках на пешеходном переходе в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Денсаулық сақтау министрінің барлық қазақстандықты маска тағуға міндеттейтін бұйрыққа өзгеріс енгізгені белгілі болды

НҰР-СҰЛТАН, 1 тамыз – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі маска тағуға қатысты жұртты толғандырған бірнеше сұраққа жауап берді.

Қандай жағдайда далада маска тақпауға болады?

Бес жасқа дейінгі балалар, сонымен қатар жеке және топтық (бес адамнан көп болмауы тиіс және әлеуметтік қашықтық сақталуы тиіс) спортпен шұғылданып жүргендерге далада маска тақпауға рұқсат етіледі.

Көліктің ішінде маска тағу керек пе?

Егер қоғамдық көлік болса (автобус, пойыз, ұшақ немесе такси), маска тағу міндетті. Ал жеке меншік көлікте бетперде кимей-ақ қоюға болады. Дегенмен, бір отбасы болса да, бетперде ауруға шалдығу қаупін 30%-ке төмендетеді деген ғылыми негізге сүйене отырып, маска тағуға кеңес береміз.

Үйдің ауласында маска тағу міндет пе?

Жеке меншік үйдің ауласында маска тақпауға болады. Ал көпқабатты тұрғын үйдің ауласында бетперде кию керек. Тек бес жасқа дейінгі балаларға және отбасы мүшелеріне маскасыз жүруге рұқсат, бірақ әлеуметтік арақашықтық сақталуы шарт.

Айта кетсек, бүгін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой барлық қазақстандықты маска тағуға міндеттейтін бұйрыққа өзгеріс енгізді. Енді бес жасқа дейінгі балалар мен далада спортпен айналысатындарға бетпердесіз жүруге рұқсат етіліп отыр.

Бұған дейін бас санитар дәрігердің қаулысымен 30 шілдеден бастап қазақстандықтар далада маскамен жүруге міндеттелген еді.

Жаңалықтар
0