Видеоролик жасау кезеңдері және оны безендіру ережесі – SputnikPro лайфхактары

© Photo : Pixabay / StockSnapВидеокамера
Видеокамера - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Вирустық роликтерде не маңызды – сурет пе, әлде мәтін бе? Оқырман сюжетті соңына дейін көру үшін мерзім ұзақтығы қанша болуы тиісі? Кәсіби мамандар ролик жасау тәжірибесін бөлісті  

НҰР-СҰЛТАН, 31 шілде – Sputnik. "Россия сегодня" ХАА жедел видео және графика бөлімдерінің басшылары Арсений Миндлин мен Алексей Дроздов SputnikPro вебинарында көрші елдердің журналистеріне жаңалықтар сайттарына жылдам таралатын видеоны қалай дұрыс жасау керектігін айтты.

Видеороликтердің мынадай түрлері болады: жаңалықтар, "жедел жаңалық", бір минуттан астам сюжет, аналитикалық сюжет, архивтік – үш-бес минуттық шағын фильмдер, "мем" – қолданушылар видеосы, деп түсіндірді Арсений Миндлин.

"Роликтер әртүрлі безендіріледі: бір жерде титр жазылса, енді бір жерде басқа нәрсе болады. Видео қанша ұзақ болса, оны өңдеуге сонша көп уақыт кетеді. Сондықтан ұзақ видеоны сапалы өңдеу кезінде жылдамдық жағы ақсайтынын түсіну керек", - деп атап өтті ол.   

Сарапшы видеоның "құрамына" не кіретінін түсіндірді: бастапқы материалды, музыканы таңдау, графика жасап, безендіру. Соңғысы видеоконтент түрін таңдауға байланысты болады.

Ал Алексей Дроздов ақпараттық, танымдық, ойын-сауық, вирустық, презентация, имидждік және әлеуметтік видеороликтердің тағы бір жіктемесін ұсынды.

"Ақпарат жұрттың бәріне түсінікті болу үшін титрді қолдану керек. Титр қысқа жазылып, мағынасын жеткізеді. Кадрда болып жатқанның бәрін титрмен сипаттаудың қажеті жоқ. Титр кем дегенде алты секунд тұруы тиіс", - деп түсіндірді спикер.   

Алексей Дроздов видеконтент жасау кезеңдерін түсіндірді, оған мыналар кіреді: мақсатты аудиторияны анықтау; "бриф" жазу, техникалық тапсырма, сценарий жазу; тұжырымдаманы әзірлеу, кезең-кезеңімен орындау.

"Роликте ең бастысы – сурет! Ең қиыны – көптеген "көздер" мен міндеттерді қамтитын ролик", - дейді сарапшы.

SputnikPro білім беру жобасының он алтыншы онлайн-сессиясына Қазақстан, Ресей, Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Молдова, Абхазия және Осетия БАҚ өкілдері қатысты.

SputnikPro – халықаралық Sputnik ақпарат агенттігі мен радиосының журналист, студент, баспасөз қызметі мен медиа саласында жұмыс істеп жүрген маман иелеріне арналған жоба. Оның мақсаты – тәжірибе алмасу әрі медиа саласында кәсіби байланысты нығайту.  

Жаңалықтар
0