Қоғам

"Димаш Құдайберген" Марсқа ұшты

© Photo : © NASAМарс
Марс - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Америкалық зымыран тасығыш Марсқа топырақ құрамын зерттеп, тіршілік іздерін анықтау үшін ұшырылды

НҰР-СҰЛТАН, 31 шілде – Sputnik. 30 шілде күні АҚШ-тың Флорида штатынан Марсқа Persversance зерттеу ровері бар Atlas V зымыран тасығышы ұшырылды. Бір қызығы, бортта қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің есімі жазылған отырғызу талоны болды.

Бұл жерде әншінің өзі Марсқа ұшқан жоқ, бірақ ол Марсты ашу тарихының бір бөлігіне айналды.

"Флорида штатындағы Кеннеди ғарыш орталығы Қызыл ғаламшарға ұшар алдындағы кері есептеуді бастады. 30 шілдеде таңертеңгі сағат 7:50-де жаңа астробиолог Марста ежелгі тіршілік белгілерін іздеуге жеті айлық сапарға аттанады. Димаш Құдайберген атындағы отырғызу талонына ұсынысты әртүрлі елдер, соның ішінде АҚШ, Түркия, Ресей берген", – деп жазды Димаш өзінің Instagram парақшасында.

Әнші отырғызу талонының суретін жариялап, тыңдаушыларға қолдағаны үшін алғыс білдірді. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Dimash Kudaibergen (@kudaibergenov.dimash)

"Біздің есім берілген микрочиптер Марсқа 2021 жылы жеткізіледі", – деп атап өтті Құдайберген.

Атлас V зымыраны Марсқа ұшты

Флорида Persversance зерттеу ровері бар Atlas V зымыран тасығышы АҚШ-тың шығыс жағалау уақыты бойынша сағат 07:50-де (Нұр-Сұлтан уақытымен 17:50) ұшты, деп хабарлайды РИА Новости.

НАСA ғылыми бағдарламасының жетекшісі, агенттік басшысының орынбасары Томас Зурбухеннің айтуынша, ұшырылым қалыпты режимде өтті және мамандар құрылғымен тығыз байланыста. НАСА мамандары егер сәтсіз ұшырылған жағдайда келесі әрекет тек 26 айдан кейін жасалатынын мәлімдеді.

Зерттеу ровері Қызыл ғаламшар орбитасына 2021 жылы 18 ақпанда жетеді деп жоспарланған. Ровер құрылғысы жеті ғылыми зерттеу құралымен жабдықталған, оның ішінде басқа ғаламшардың үстінен бірінші рет ұшатын тікұшақ та бар. Роверде жиырмаға жуық камера мен қоршаған ортаны зерттеуге арналған құралдар орнатылған. Сонымен қатар ровер жинағының құрамында Марс атмосферасынан алғаш рет оттегін алуға тырысатын эксперименталды Moxie құралымен қамтамасыз етілген.

Оқи отырыңыз: Ғарышкерлер де қорқады: Талғат Мұсабаевтың ашық әңгімесі

Perseverance-тің басты міндеті Қызыл ғаламшарда тіршілік іздерін зерттеу болып табылады. Ол үшін НАСA жоспарлағандай құрылғыны жерге 2031 жылдан ерте қайтару жоспарланғандықтан ол Марс топырағының үлгілерін жинайды.

Жаңалықтар
0