Өңірлер

Шымкенттік шенеунік жұмысқа орналастырғаны үшін 15 мың доллар алған – видео  

CC0 / Goumbik / Мужчина держит доллары
Мужчина держит доллары - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ішкі мемлекеттік аудит департаменті № 2 сәйкестендіру бөлімінің басшысы ірі көлемде ақша алды деген күдікке ілінді

НҰР-СҰЛТАН, 30 шілде – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Шымкент қаласында бірнеше шенеунікті пара алғаны үшін тергеуге алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Агенттіктің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Қайсар Баржақсыновтың айтуынша, Шымкент қаласында ішкі мемлекеттік аудит департаменті № 2 сәйкестендіру бөлімінің басшысы жұмысқа орналастырғаны үшін ірі көлемде ақша алды деген күдікке ілінген. Ішкі мемлекеттік аудит департаменті қаржы министрлігінің ішкі мемлекеттік аудит комитетіне қарайды.  

Оқи отырыңыз: Қостанайда әкімді ұстау операциясы видеоға түсірілді 

"Ол 2020 жылы 27 шілдеде А. есімді азаматтан оны мемлекеттік ревизор-аудитор лауазымына тағайындағаны үшін 15 мың АҚШ доллары (шамамен 6 300 000 теңге – Sputnik) сомасында ақшалай қаражат алғаны үшін айыпталып отыр", - деді Баржақсынов онлайн брифингте.

Бұдан бөлек, Шымкент қаласының Абай аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы басшысының орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Шенеунік 24 шілде күні қаладағы дүкендердің бірінің иесін карантин ережелерін бұзғаны үшін ұстаған. Сөйтіп, әкімшілік жауапкершілікке тартпағаны үшін 30 мың теңге және жалпы сомасы 700 теңге болатын "Gorilla" энергетикалық сусынын алды деген күдікке ілінген.  

Жаңалықтар
0