Әлем

Ғалымдар коронавирус қандай суда өлетінін анықтады

© Photo : СС0 / U. LeoneСу
Су - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Хлорсыз және теңіз суында вирус көбеймейді, бірақ өміршеңдігін сақтайды. Коронавирустың өз белсенділігін жоғалту уақыты су температурасына тікелей байланысты

НҰР-СҰЛТАН, 30 шілде – Sputnik. Ресейлік ғалымдар коронавирустың суда қанша уақыттан кейін өлетінін анықтады, деп хабарлайды РИА Новости.

Зерттеу Роспотребнадзордың "Вектор" орталығында жүргізілген.

Ғалымдар коронавирустың барлық дерлік бөлшегі (90%) бөлме температурасындағы суда 24 сағат, ал 99,9%-і 72 сағаттың ішінде өлетінін анықтады.

Хлорсыз суда және теңіз суында вирус көбеймейді, бірақ өміршеңдігін сақтайды. Вирустың өз белсенділігін жоғалту уақыты су температурасына тікелей байланысты.

Тағы оқыңыз: Қытайда коронавирустың жаңа түрі таралып жатыр

Қайнаған суда вирус толығымен жойылады, хлорланған суда өміршеңдігін жоғалтады, деп нақтылады олар.

Наурыз айының басында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирус пандемиясын жариялады.

Соңғы дерекке сүйенсек, бүкіл әлемде 16,5 миллионнан аса адам вирус жұқтырған, оның 650 мыңнан астамы көз жұмды.

Жаңалықтар
0