Қоғам

Қазақстан мен Ресей "Союз-5" зымырандарын ұшыру алаңын құру туралы келісімге қол қойды

© Sputnik / Виталий Белоусов / Медиабанкке өтуВывоз и установка на старт ракеты "Союз ТМА-17М"
Вывоз и установка на старт ракеты Союз ТМА-17М - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жоба Байқоңыр ғарыш айлағында "Бәйтерек" ғарыш зымыран кешенін құру туралы Ресей-Қазақстан үкіметаралық келісіміне сәйкес жүзеге асырылады

НҰР-СҰЛТАН, 30 шілде – Sputnik. Қазақстан мен Ресей кәсіпорындары Байқоңырда "Союз-5" зымырандарын ұшыру кешенін құру туралы келісімге қол қойды, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға Роскосмос өкілі Анатолий Красников.  

"Біз қазақстандық серіктестерімізбен бірге осы жобаны жүзеге асыру, "Бәйтерек" ғарыш зымыран кешенін құру процесін бүгіннен бастап практикалық арнаға бұрып жатырмыз. Бұл біз үшін айтулы дата. Енді жұмысымыз тезірек жүреді деп сенеміз", - деді Красников.

Ол коронавирус пандемиясына байланысты құжат онлайн-конференция режимінде келісілгенін атап өтті.

"Жұмыс бірнеше ай бойы бейнеконференция режимінде жүргізілді. Өте қызу жұмыс істедік, бірақ бәрі онлайн режимінде өтті", - деп толықтырды спикер.  

"РКК "Энергия" ЖАҚ мен "СП "Бәйтерек" АҚ арасында келісімшарт жасау туралы келісімге қол қою рәсімі Байқоңырда өтті.

Роскосмостың Қазақстандағы өкілі Анатолий Красниковтың қатысуымен өтетін онлайн-брифингті мына сілтемеден көруге болады.

Қазақстан "Зенит-М" ғарыш зымыран кешенін жаңғырту арқылы жер үсті инфрақұрылымын құруға жауап береді. Ресей "Союз-5" және "Союз-6" зымыран тасығыштарын жасап шығарады. Алғашқы старт 2023 жылға жоспарланған.

Жаңалықтар
0