НҰР-СҰЛТАН, 30 шілде – Sputnik. Нұр-Сұлтанда егіздер мен үшемдер жиі дүниеге келе бастады. 2019 жылдың алғашқы жартыжылдығымен салыстырғанда, егіздер саны он алтыға өскен.
Бұл туралы қала әкімдігінің сайтында хабарланды.
Жыл басынан бері Нұр-Сұлтан перзентханаларында 93 егіз туды. Былтыр сәйкес кезеңде олардың саны 77 болатын.
Сонымен қатар, 3 үшем жарық дүние есігін ашты, 2019 жылы алты ай ішінде тек бір үшем дүниеге келген еді.
Тағы оқыңыз: Жаңа туған сәби жерде жатыр: басқарма перзентханада түсірілген суретке түсініктеме берді
Қалалық қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының ана мен бала денсаулығын қорғау жөніндегі орынбасары міндетін атқарушы Татьяна Бишораеваның айтуынша, күн сайын елордада 60-тан 110-ға дейін нәресте дүниеге келеді.
Алты айда Нұр-Сұлтан қаласында барлығы 14 012 сәби туды.