Кері кеткен болашақ...
Неліктен мұндай жағдай болып жатыр деген мәселе туралы айтсақ: Байден қазіргі уақытта өзінің қарсыласы АҚШ президенті Дональд Трамптан түрлі сауалнамалар бойынша екі, төрт, сегіз немесе тіпті, он пайызға алда келеді. Сауалнамаға қатысқан америкалықтардың көпшілігі Трамп туралы жағымсыз пікір білдіргенімен, болашақта оған президенттікке кепілдік берілген сияқты көрінеді (77 жастағы Байден интернет пен теледидар арқылы бұқара алдына сирек шыққанымен қоймай, ол оқтын-оқтын сөзден шатасып жатады. Сондай-ақ, көпшілік арасында оның қабілетсіздігі жиі айтылатындықтан, сайлауға дейінгі кәсіби жарамдылығы да сезілмейді).
Егер Джо Байден ант қабылдайтын болса, ол 78 жасқа толады. Ол кезде Ақ үйді басқаратын ең көне президент болып қана қоймайды. Яғни, бұрынғы рекордшы, 70 жастағы Дональд Трамптан он жылға жуық асып түседі.
Ол америкалық президенттер қайтыс болған жаста (45-тің 36-сы) президенттік қызмет атқаруға келеді. Демократиялық кандидаттың мінез-құлқындағы жоғарыда айтылған жағымсыздықтарды ескере отырып, барлығы өзінің қызметтік міндеттерін орындау кезінде осы көпшілікке қосыла алатындығын түсінеді.
Осындай жайсыз жағдайлар туындаған кезде вице-президент Байден төрт жылдық мерзімнің соңына дейін президент атанады (жай ғана "әрекет етуші" емес, АҚШ-тың жүз пайыздық президенті). Егер Джо кеңсеге келгеннен кейінгі екінші күні бұл әлемде өзін жақсы сезінсе, онда адамдар толықтай сайламаса да, президент ең ірі батыстық ядролық державаны 2025 жылға дейін басқарады.
Бірақ Байденнің өзі ерте көктемде: "бір нәрсе алдын-ала белгілі, келесі президент әйел болады" деп уәде берді. Конгресс қарсаңында ол қандай әйел болады деген сұрақ америкалықтар үшін күн тәртібіндегі басты саяси мәселеге айналды.
Кандидаттардың қатарынағы ең танымалы – сенатор Элизабет Уоррен бар. Ол жыл басындағы демократияішілік дауыс беру жарысында Байденге жол берген; Мичиган губернаторы Гретхен Уитмер (жасы 48-де); сенатор Тэмми Дакворт (екі аяғынан жарақат алған Ирак соғысының ардагері, сонымен қатар ол ұлты жартылай тайлық-қытайлық әйел); конгресші әйел Вэл Демингс (қара нәсілді әйел және бұрынғы полиция қызметкері); Карен Басс (қара нәсілді әйел және есірткімен күресуші); Сьюзан Райс (қара нәсілді әйел және Обаманың ұлттық қауіпсіздік бойынша бұрынғы кеңесшісі); Камала Харрис (жартылай қара нәсілді әйел, жартылай үнді және Калифорнияның бұрынғы прокуроры). Алайда, бұл жерде соңғы екеуі жасырын түрде вице-президенттік демократиялық жарыста фаворит саналады.
Кейбір Boston Globe сияқты басылымдар: "Байден қара әйелді вице-президент етіп сайлауы керек" деп ашық түрде жаза бастады.
Қара нәсілді әйелдер республикашылар мен Трамптың нәсілшіл табиғатын агрессивті түрде қудалаған нәсілдік азшылық тұрғысынан теріске шығаратын функциялық тандемін орындайды деп болжанады. Сонымен қатар, Байден Обаманың қол астында қызмет еткен кездегі қоғамда мұндай полярланған қоғам болмаған және оның миссиясы елді біріктіру болып табылады. Сондықтан да мұндай тандем Трамп жасаған әрекеттерден гөрі елді біріктіре алады деген сенім бар. Бәлкім, ол одан да ауыр жағдайды шеше алуы мүмкін.
Мәселен, жақында Коннектикут университетінің профессоры Питер Турчиннің ондаған жыл бұрын, 2020 жылдың бастапқы кезеңінде АҚШ-тағы саяси тұрақсыздықтың шыңын болжағаны пайда болды. Ол осы тұрақсыздықтың басты факторларының бірі ретінде элиталардың шамадан тыс көбеюін атаған.
Шамадан тыс мұндай өндіріс – бай адамдар санының артуы сипатында көрінетін жағымсыз нәтиже. Ең жаманы, бұл жерде біз байлар мен кедейлер арасындағы алшақтықтың кеңеюі деп ойлауға үйреніп қалдық.
Бірақ зұлымдық "позитивті" болып көрінетін өзгерістердің астарына жасырынғанға ұқсайды. Біз осы кезге дейін де, 1970 жылдары халықтың 62% құраған, ал қазір жартысына жуығы – АҚШ-тың орта таптары кедейлер және байлар деп миграцияға ұшырап жатқанын жазған болатынбыз. Ал соңғы онжылдықта миграциялық өзгеріске ұшырағандардың үштен екісі кедейліке емес, элитаға айналды.
Сол сияқты байлардың да саны өсті: АҚШ-тағы ең бай адамдардың қатары екі жарым пайызға жетті. Активтері ондаған миллион доллардан асатын отбасылардың саны 1983 пен 2010 жылдар аралығында бес есе өсті (қазір одан да көп). Бүгінгі таңда АҚШ-тағы элиталардың көптігі соншалық, оларда миллионерлердің саны 19 миллион (бұл бүкіл Румыния немесе Қазақстанның халқымен тең), децимиллионерлер – жарты миллион, ал миллиардерлер – шамамен 650-ге жуық.
Бірақ биліктегі орындар шектеулі. Тіпті, 450 орындық конгресс барлық миллиардерлерді де сыйғыза алмайды. Элиталардың осындай күйзелісінен өз араларындағы кез-келген ынтымақтастық ыдырап, керісінше, қорқынышты дау-дамайға ұласады. Ал мұндайға тек байлар ғана қатысады деп ойламаңыз.
Іс насырға шапқанда, орта топтар мен кедейлер нағыз ақша, күш пен өркендеудің жоғары жаққа қарай жылжып бара жатқанын сезген кезде, байлар мен үлкендердің жарқыраған әлеміне тап болу үшін олар да әлеуметтік лифттерге бар күштерін салады.
Жалпы, соңғы жылдары заңгерлер мен саясаттанушылар немесе "қоғамтану ғылымы бойынша мамандар" саны АҚШ-тағы халық санының өсуінен едәуір асып кетті. Яғни, бұл – теориялық тұрғыдан мүмкін болатын және сол кезде саяси мансапқа айнала алатын барлық мамандықтардың иелері деген сөз. Демек, адамдардың көпшілігі саяси мансапқа кірісіп қана қоймай, табысқа жету жолында. Сондай-ақ, бұл адамдарға жекелей қарасаң өзлерін Американың патриоты сезінеді – бірақ олардың барлығы да елдің негізгі ішкі жауы болып табылады.
Осы арада мынадай да бір сұрақ туындауы заңдылық: "Джо атай" мен қара нәсілді "темір ханым" бұл адамдарды қалай тыныштандыра алады? Мақсатты аудиторияның алдында нақты биліктің серпіліс әрекеті ретінде екі жоғары лауазымды шенеуніктің бірін жынысына немесе терісінің түсіне қарай ауыстыру керек пе? Бұл элиталар арасындағы ішкі бәсекелестік мәселелерін шеше ала ма?