Өңірлер

Ақтауда педофил ұсталды - видео

© Sputnik / Виталий Аньков / Медиабанкке өтуАрхивное фото задержанного в наручниках
Архивное фото задержанного в наручниках - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ер адам бүлдіршінді үйдің кіреберісіне апарып, азғындық жасағысы келген. Көршілерді көріп, арам ойын жүзеге асыра алмады

НҰР-СҰЛТАН, 30 шілде — Sputnik. Ақтауда полиция азғындық жасағысы келген ер адамды ұстады.

Оқиға сәрсенбі, сағат 13.00-де болған, деп хабарлайды инАктау.

Куәгерлер ер адам бүлдіршінді балалар алаңынан алып кеткенін айтты. Арам ойын жүзеге асыруға көршілер кедергі болған. Ол оқиға орнынан ізін суытпақ болды. Алайда тұрғындардың бірі қуып жетіп, полиция келгенше ұстап тұрды.

Құқық қорғау органдары әлеуметтік желіде пайда болған ақпаратқа қатысты түсініктеме берді. Полиция бөліміне шамамен 13.00-де аулалардың бірінде ер адам кішкентай қызды ертіп алып кеткені туралы хабарланды.

"Бұдан соң ер адам қызды үйдің кіреберісіне алып барып, азғындық жасамақ болған. Оқиға орнына полиция қызметкерлері жетті. Күдікті ұсталды", - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қылмыстық кодекстің 124-бабы 1-бөлігіне сәйкес (жас балаға қатысты күш қолданбай азғындық жасау әрекеті) іс қозғалды. Бұл бап бойынша кінәлі деп танылған адам бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

Жаңалықтар
0