Экономика

42 500 теңге: министрлік шілде айындағы төлемге қатысты ақпарат жариялады

© Sputnik / Владислав ВодневТенге, деньги
Тенге, деньги - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша шілде айында карантин шаралары енгізілуіне байланысты жұмыс істеп жатқан қазақстандықтарға табысы толық жоғалған жағдайда біржолғы төлем жасалады

НҰР-СҰЛТАН, 30 шілде – Sputnik. Шілде айында 2 миллионнан астам қазақстандық 42 500 теңге алды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпаратына сәйкес, 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем тағайындауға азаматтардан 2,3 миллионнан астам өтініш қабылданған. Оның ішінде: 

  • 833,3 мың адам проактивті форматта төлем тағайындауға келісім берді;
  • 578,9 мың адам Egov.kz порталы және telegram-боттар арқылы;
  • 314,6 мың адам 42500.enbek.kz порталы арқылы.

Ал 595,8 мың адам екінші деңгейдегі банктердің мобильдік қосымшалары мен интернет-ресурстары арқылы өтініш берген.

Азаматтар санаты бойынша:

  • 833,3 мың өтініш бірыңғай жиынтық төлем төлеушілерден берілді;
  • 186,5 мың өтінішті жалдамалы қызметкерлері үшін жұмыс берушілер берді;
  • 1 млн 302,8 мың өтініш азаматтардың басқа санаттарынан келіп түсті (жеке кәсіпкерлер; жеке практикамен айналысатын адамдар; азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар).

Төлем 2 миллион 80 мың адамға тағайындалды. Ақшалай қаражат 2 миллион 58 мың қазақстандыққа аударылды. Өтініш 1 қыркүйекке дейін қабылданады.

Төлем үшінші рет тағайындалды

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2020 жылдың шілде айында карантиндік шаралардың енгізілуіне байланысты жұмыс істеп жатқан қазақстандықтарға табысы толық жоғалған жағдайда біржолғы төлем (бір ең төменгі жалақы – 42 500 теңге мөлшерінде )жасалады.

Жаңалықтар
0