Әлем

Қытайда коронавирустың жаңа түрі таралып жатыр

© AP Photo / Ng Han GuanПассажиры в защитных масках возле вокзала Уханя
Пассажиры в защитных масках возле вокзала Уханя  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
НовостиTelegram
Жұқпалы дертті дер кезінде тоқтату мақсатында екі қаланың миллиондаған тұрғыны COVID-19-ға тест тапсыруға кірісті

НҰР-СҰЛТАН, 29 шілде – Sputnik. Қытайда коронавирустың жаңа түрімен күрес күшейтілді.

Мұнда COVID-19-дың басқа түрін бір тәулікте 68 адам жұқтырған. Олардың төртеуі – шетелден келгендер, ал 64-і – жергілікті тұрғындар.

Оқи отырыңыз: Министр "белгісіз пневмония" жайлы ақпарат таратқан Қытай елшісімен сөйлесті 

Қауіпті дертпен 57 адам Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында, ал алты науқас Ляонин провинциясында, тағы біреуі Бейжің қаласында тіркелген, деп хабарлады КТК.

Жұқпалы дертті дер кезінде тоқтату мақсатында екі қаланың миллиондаған тұрғыны COVID-19-ға тест тапсырып жатыр. Алайда қауіпті кесел соның өзінде бес аймаққа тарап үлгерген.

Әлемде коронавирусқа шалдыққандар 16 миллионнан асып кетті. Оның 10 миллионға жуығы жазылып шықты, ал 654 мың адам қайтыс болған.

Жаңалықтар
0