Спорт

Гол соғып, алтын жеңіп алды: қазақстандық Олимпиада-1980 медаліне қалай қол жеткізді

© Sputnik / Дмитрий Донской / Медиабанкке өтуИгрок сборной СССР Сергей Котенко во время матча
Игрок сборной СССР Сергей Котенко во время матча - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Югославия құрамасына қарсы шешуші матчта қазақстандық спортшы Сергей Котенко шешуші "алтын" голды соқты

29.07.1980. Қырық жыл бұрын, осы күні су добынан КСРО ерлер командасы Югославия құрамасына қарсы матчта алтын медаль жеңіп алды. Сол құрамдағы жалғыз қазақстандық Сергей Котенко жеңіс голын соқты.

Мәскеу Олимпиадасында су добы турнирі 20-29 шілде аралығында екі спорт кешенінде өтті: "Олимпийский" және "Лужники". Алдын ала раундқа үш топқа бөлінген 12 команда қатысты. Әр топтан үздік екі команда финалдық раундта біріншіден алтыншыға дейінгі орындарға таласатын А тобына біріктірілді. В тобында қалған алты команда 7-ден 12-ге дейінгі орындарды анықтады.  

Мәскеуде КСРО құрамасының шешуші матчында тең ойнау жеткілікті болды. Алайда кеңес командасы қарсыластарын 8:7 есебімен жеңді.

Олимпиада алтыны: балуан Шәміл Серіковтің Мәскеудегі жеңісі

Сол матчта қазақстандық Сергей Котенко үш нәтижелі шабуыл жасады, соңғы соққысы "алтын" болды.

КСРО ыдырағаннан кейін Сергей Котенко Италияға көшті - "Флоренция" клубында үш маусым ойнады. 1980 жылғы Олимпиада чемпионы 1995 жылы карьерасын аяқтады. Осыдан кейін ол бірнеше жыл бойы су добынан Қазақстан ұлттық құрамасына басшылық жасады.

Котенко бүгінде су добы мен үлкен теннистен ардагерлер турнирлеріне тұрақты қатысады.  

Жаңалықтар
0