Қоғам

"Басқаларға да осындай кеңес береміз": тұрғындар жанайқайына әкімдік өкілі жауап берді

© Sputnik / Абзал КалиевПодъезд жилого дома закрыли на карантин в мкр. "Жагалау-3"
Подъезд жилого дома закрыли на карантин в мкр. Жагалау-3 - Sputnik Қазақстан
Жазылу
НовостиTelegram
Елордалық тұрғындар қалаған бір ғана нәрсесі бар ол – бізді көріп, үнімізді естір құлақ болса дейді

НҰР-СҰЛТАН, 28 шілде – Sputnik. Елордадағы "Жағалау" үлескерлері тағы да шу шығарды. Жүздеген елордалық үлескер бүгін құрылысы аяқсыз қалған тұрғын үй кешен маңына жиналды. Бірі – сапасы сын көтермейтін үйдің құрылысын даулап келсе, енді бірі пәтерге құйған ақшасын талап етті. Ең сорақысы, бұл түйткілдің сағызша созылып келгеніне 10 жылдан асқан, деп хабарлайды Астана арнасы.  

Мұндағы тұрғындардың қалағаны бір нәрсе – бізді көрер көз, естір құлақ болса дейді. Олар әкімдік өкілдерінің осы жерге келіп, мәселені шешіп беруін талап етіп отыр.

Өздерінің айтуынша жырға айналған "Жағалау" құрылысын әу баста "ASI" компаниясы бастаған. Кейіннен теңге құнсызданнып кәсіпорын тақырға отырыпты. Компаниямен бірге 1,5 мыңға жуық үлескер сан соғып қалды. Оның басым көпшілігі пәтердің ақшасын алдын ала 100 пайызға төлеп қойған. Кейбірі, ресми тапсырылмаған үйге кіріп те алыпты. "Басқа амалымыз жоқ", дейді олар.

"Мен қатты шаршадым. Бәрін өзіміз істеп, кіріп жатырмыз. Енді анау подвалдың асты екі метр су. Мына үй ертең отырып қалатын шығар деп қорқамын", – деген бір тұрғынның сөзін көршісі растайды.

"4 күн болды көшіп келгенімізге. Енді квартира жалдап тұру да оңай емес. Балконы істелінбеген. Ленолумдер қалай болса, солай төселінген", – дейді ол.

Құжат бойынша қабылданбаған үйде әр басқан қадамыңыз қауіпті. Күні кеше ғана мұнда ойын жасындағы бір бала тоққа түсіп, күйіп қалыпты.

"Бала перила мен арматураларға қолын тигізген. Тоқ соғып, бет аузы көгеріп, құлады. Шешесі ана этажда тұрады. Немелеріміз, балалармыз үшін қорқамыз. Стена жағалап қорқып жүресің", – дейді Тұрар Божбанов.

Оқи отырыңыз: Астана орталығына наразы үлескерлер жиналды: олардың қойған талабы не?

Жағалаулықтардың жан айқайын жергілікті билік жақсы біледі. Әкімдік өкілі, құрылыс нысанына келіп, мән-жайды тағы түсіндірді. Оның сөзінше, мердігер мекеме есебінен жақында жедел саты сатып алынады. Ал, тұрғын үй құрылысы толық аяқталуы үшін үлескерлердің өзі қимылдауы керек. Олар тұрғын үй кооперативін құрып, аяқсыз қалдырған компанияға арыздануы тиіс.

"Үлескерлердің құйған қаржысы қазір банкте жатыр. Шамамен миллиардтаған сома жиналған. Оны өндіріп алу үшін тұрғындарға жұмылып, сотқа арыздану керек. Сонда 2-3 айдың ішінде мәселе реттеледі. Біз осы бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізгенбіз. Бұл осы құрылыс нысанында ғана кезедесетін мәселе емес. Басқа үлескерлерге де осындай кеңес береміз", – дейді Нұр-сұлтан қалалық ортаны бақылау мен сапа басқармасы бастығының орынбасары Дәулет Досқұлов.

Қалай болғанымен әкімдік өкілінің сөзі өтпегенге ұқсайды. Үлескерлер, мемлекет басшысының атына хат жазамыз, деп тарқасты.

Жаңалықтар
0