Қоғам

Қазақстанда стационарлар жабылып жатыр

© Sputnik / Тимур БатыршинСтационар на базе "Халык Арена"
Стационар на базе Халык Арена - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазіргі уақытта елде 7 провизорлық және 1 жұқпалы аурулар стационары жабылған, жалпы төсек-орын саны - 1 070

НҰР-СҰЛТАН, 28 шілде – Sputnik. Қазақстанда стационарлар жабылып, төсек-орын қоры қысқартылып жатыр. 

Қазіргі уақытта елде 7 провизорлық және 1 жұқпалы аурулар стационары жабылған, жалпы төсек-орын саны - 1 070. Сондай-ақ, 6 стационарда орын саны 855-ке қысқартылды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Қандай стационарлар жабылды

Ақтөбе облысы - Батыс Қазақстан медицина университетінің жатақханасы (300 орын);

Атырау облысы - Құрманғазы аграрлық-техникалық колледжі (30 орын),

Жылыой туберкулезге қарсы диспансері (10 орын);

Атырау облыстық ауруханасы (200 орын);

Қарағанды облысы - Облыстьқ кардиологиялық орталық жанындағы "Турист" қонақүйі (100 орын), ҚарМТУ жатақханасы (100 орын);

Нұр-Сұлтан қаласы - Қалалық психикалық денсаулық орталығы (230 орындық инфекциялық стационар);

Шымкент қаласы  - Облыстық балаларды оңалту орталығы (100 орын). 

Қанша орын қысқарды

Маңғыстау облысы - Маңғыстау облыстық ауруханасы (150 орынға), Жаңаөзен қалалық ауруханасы (100 орынға), Бейнеу ауруханасы (30 орынға), Түпараған аудандық ауруханасы (25 орынға), Маңғыстау аудандық ауруханасы (50 орынға);

Павлодар облысы - Сұлтанов атындағы гоститаль ("Мойылды"  шипажайы, 500 орынға).

Өзге өңірлер мен Алматы қаласында 2тамыздан бастап провизорлық орталықтарды жабу жоспарланып отыр.  Сондай-ақ, төсек-орын саны қысқарады.

Жаңалықтар
0