Қоғам

Денис Теннің өліміне қатысты істі қараған судья көз жұмды

© Sputnik / Абзал КалиевГүл шоқтары
Гүл шоқтары - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алматы қаласы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Кеңшілік Әбділдинов жансақтау бөлімінде коронавирустан қайтыс болды

НҰР-СҰЛТАН, 28 шілде – Sputnik. Алматыда қаланың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Кеңшілік Әбділдинов коронавирустан көз жұмды. Бұл ақпаратты Sputnik Қазақстанға ведомствоның баспасөз қызметі растады.

"Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Әбділдинов Кеңшілік Кеңесұлының қайтыс болуына байланысты жұбайына, отбасына, туған-туысқандарына, жақындарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамыз. Үлкен қайғы. Жарқын бейнеңіз әрқашан есімізде", - делінген хабарламада.

Соттың баспасөз қызметі судьяның жансақтау бөлімінде коронавирус инфекциясынан қайтыс болғанын мәлімдеді.

Теннің өліміне қатысты істі қарады

Судья Кеңшілік Әбділдинов 1963 жылы 28 қазанда дүниеге келген.

1990 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірді.

Тағы оқыңыз: Денис Тенді өлтіргендерге сот үкімі шықты

Еңбек жолын 1992 жылы әділет органдарында бастады.

2000 жылы - Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты аппаратында қызмет атқарды.

2003 жылдан Алматы облыстық сотының судьясы, 2013 жылдан бастап Алматы қаласы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы болды.

2018-2019 жылдары белгілі спортшы Денис Теннің өліміне қатысты істі қарады.

Жаңалықтар
0