Өңірлер

Батыс Қазақстанда ауыл тұрғыны полицияны аяғынан тік тұрғызды: оқиғаның мән-жайы

© Sputnik / Рамиль Ситдиков / Медиабанкке өтуВыстрел из ружья, архивное фото
Выстрел из ружья, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Батыс Қазақстан облысының полицейлері адам өлтіруге оқталу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады

АЛМАТЫ, 28 шілде – Sputnik. Батыс Қазақстанда 55 жастағы шаруа қожалығының басшысы бытыра мылтықпен үш адамды жарақаттады.

Оқиға 19 шілдеде Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданындағы ауылдардың бірінде болды, деп хабарлайды "Мой город" басылымы.

Фермердің бұл әрекетке баруына не себеп болғаны тергеу барысында анықталады.

Полицияның мәліметіне сәйкес, жанжал кезінде 55 жастағы жергілікті шаруа қожалығының басшысы үш қарсыласына қарай оқ атқан. Үшеуі де жарақат алды. Олар Хан Орда ауылындағы медицина пунктіне жүгінген.

Медицина қызметкерлері оның бірі жіліншігінен, ал екеуі табанынан жарақат алғанын анықтады. Дәрігерлер қарауынан кейін жарақат алғандар үйде емін жалғастыратын болды.

Олардың алған жарақаты аса ауыр болмаса да, полиция департаменті күдіктіні қолға түсіреміз деп шешті. Сотқа дейінгі тергеу басталып, күдіктіге адам өміріне қастандық жасады деген айып тағылып отыр.

Оқи отырыңыз: Басына оқ тиген Алматы тұрғыны аман қалды

Егер ұсталған адамның кінәсі дәлелденсе, Қылмыстық кодекстің 24 және 99-бабына сәйкес, ер адам сегіз жылдан он бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Жаңалықтар
0