Қоғам

Демалыста жүрген полиция майорының заңсыз әрекеті әшкере болды

© Sputnik / Алексей Вовк / Медиабанкке өтуСотрудник правоохранительных органов снимает наручники, архивное фото
Сотрудник правоохранительных органов снимает наручники, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Құқық қорғау органында 14 жыл қызмет еткен 39 жастағы полицей ұсталған сәтінде кезекті еңбек демалысында жүрген

АЛМАТЫ, 27 шілде – Sputnik. Батыс Қазақстан облысында заңсыз көші-қонға қарсы күрес жөніндегі арнайы саптық бөлініс командирі, полиция майоры пара алу кезінде ұсталды, деп хабарлады өңірлік "Уральская неделя" басылымы.

Басылымға БҚО полиция департаментінің арнайы хабарламасы келіп түскен. Хабарламада полиция майоры, 39 жастағы Асқар Серіковті ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қызметкерлері 23 шілде күні Зашаған ауылында "Орал – Саратов" тас жолынан үш шақырым жерде ұстағаны айтылған. Полиция майоры өзінің жеке Hyundai Sonata автокөлігінде 500 000 теңге көлемінде ақша алғаны үшін қолға түсті.

Ақшаны Асқар Серіковке 31 жастағы кәсіпкер берген.

"Сотқа дейінгі тергеу барысында Асқар Серіков пен кәсіпкер арасында ақша алу туралы келісім шілденің басында жасалғаны анықталды", - делінген ақпаратта.

Полиция майоры одан Өзбекстанның бес азаматына "қамқорлық" көрсетуі үшін 500 000 теңге талап еткен. Ал ол бес азаматты өзінің жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жұмысқа заңсыз орналастырмақ болған.

Жарты ай өткен соң жәбірленуші ҰҚК департаментіне шағымданған. Полиция майоры Асқар Серіков сол күні кешке ұсталды.

Аталған іс 23 шілдеде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне Қылмыстық кодекстің 366-бабының 2-бөлігі ("пара алу") бойынша тіркелді.

Оқи отырыңыз: Пара алған әкім қамауға алынбады – агенттік түсініктеме берді

Айта кетейік, майор Серіков ұсталған кезінде БҚО ДП бұйрығы негізінде 13 шілде мен 21 тамыз аралығында кезекті еңбек демалысында болды. Сондай-ақ, ол полицияда 14 жыл қызмет еткен. Кейінгі екі жылда заңсыз көші-қонға қарсы күрес бойынша арнайы жеке взвод командирі қызметін атқарды.

Жаңалықтар
0