НҰР-СҰЛТАН, 27 шілде – Sputnik. Минскіде қазақстандық Нұрсұлтан Жаңабаев титулдық жекпе-жек өткізді.
Қазақ боксшысы жартылай орта салмақтағы WBA Inter-Continental, WBO Oriental және IBF Pan Pacific тұжырымдары бойынша өзінің чемпиондық белбеулерін қорғады, деп хабарлады Sports.kz.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Нұрсұлтан Жаңабаевтың қарсыласы Франция боксшысы Сэнди Мессауд болды.
Жартылай жеңіл салмақтағы жекпе-жек он раундқа есептелді, алайда жетінші раундта француз боксшысы мерзімінен бұрын жеңіске жетті.
Оқи отырыңыз: Қазақ боксшысы Нұрзат Сабыров мексикалық "Тайсонды" жеңді – видео
Төреші жекпе-жекті тоқтатты, қазақстандық екінші раундта нокдаунға түсіп, үшінші раундта қабағын жарақаттап алған.
Осылайша, қазақ боксшысы карьерасында алғаш рет жеңіліп, үш ұйымның тұжырымы бойынша екінші дәрежелі белбеулерінен айырылды.